СҚО-да жүзден астам ауыл қаңырап бос қалған

3609

2000-ыншы жылдардан бері Солтүстік Қазақстан облысында 118 ауылдың тұрғындары көшіп кетіп жабылып қалған.

СҚО-да жүзден астам ауыл қаңырап бос қалған

Өйткені  өңірдегі түрлі этнос өкілдерінің басым бөлігі  тарихи отандарына көшіп кеткен. Облыс басшылығының сөзіне сенсек, кезінде аймақтан жылына 10-15 мың адамға дейін көшкен екен. Қазір облыстан кетушілердің саны жылына 500-700 адамға дейін қысқарған.  Десе де, әлі де солтүстіктен көшіп кетушілер бар.

"Мектептер жабылды, ауылдар жабылып жатыр. Екі мыңыңшы жылдан бері санар болсақ, 118 ауыл жабылды. Бүгінде облыста 300-ден астам болашағы бар ауылдар қалған. Соларға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға ауызсу, газ тартылып жатыр", – дейді  СҚО әкімінің орынбасары Асқар Жоламанұлы.

Сонымен қатар осы жылдар аралығында СҚО-да оқушы жоқ болғандықтан, 290 мектептің  есігіне құлып салынған.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу