Әлем элитасы не үшін жиналып жатыр?

3394

Бүгін Швейцарияның Давосында Дүниежүзілік экономикалық форум ашылып, оған 2 800 делегат қатысады. 

Әлем элитасы не үшін жиналып жатыр? Фото: АР

Таяу Шығыстағы соғыс сияқты Жер де қызып барады. Ал әлемдік экономика мен Украинаның Ресейден қорғанысы күйреуға жақын. Жасанды интеллект болса, бүкіл өмірімізді өзгертуі мүмкін.

Осылайша, жаһандық басымдықтар тізімі биылғы Дүниежүзілік экономикалық форум үшін өсті. Әлемнің бизнес, саяси және басқа да элиталары Давосқа (Швейцария) жиналып жатыр. Онда халықаралық отырыс сейсенбіде басталып, жұмаға дейін жалғасады.

Форумға 60-тан астам мемлекет пен үкімет басшылары, соның ішінде Израиль Президенті Исаак Герцог пен Украина Президенті Владимир Зеленский де қатысып, көпшілік алдында сөз сөйлеп, жабық келіссөздер жүргізеді. Олар 2800-ден астам делегаттың қатарында болады, солардың ішінде ғалымдар, суретшілер және халықаралық ұйымдардың жетекшілері болады.

Бұл жиналыс негізі ізгі амбицияларға арналған. Онда  бизнес-инновациялық ойлар айтылып, бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жолдары қарастырылып, денсаулық сақтау секторындағы өмірді өзгертетін өзгерістер мәселесі қозғалады.

Дегенмен, Давос форумына байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықтың символы деген сын үнемі айтылып келеді. Швейцариялық жас социалистер жексенбі күні осы жиын мен оған қатысушыларды "бүгінгі соғыстар мен дағдарыстарға жауапты ең бай және қуатты адамдар" деп ұрандату үшін митинг өткізді.

"Давосты мазақ ету оңай. Бірақ қазіргі уақытта адамдарды ортақ жаһандық мәселелерді талқылау үшін бір бөлмеге жинау қиын және бетпе-бет сөйлесудің құндылығы жоғары, мұны COVID-19 пандемиясы көрсетіп берді", – дейді Chatham House сараптама орталығының директоры Бронвен Мэддокс.

Жыл сайын өтетін Давос жиынында биыл мынандай негізгі мәселерге назар аударылмақ:

Таяу Шығыс

Биыл Газада Израиль мен Хамас арасында үш айға созылған соғыс  пен Қызыл теңізде кемелерді зымыранмен атқылаған йемендік хуситтерге АҚШ пен Ұлыбританияның әуеден соққы беруі үлкен проблемаға айналып отыр.

Қызметі Премьер-Министр Беньямин Нетаньяхудың басшылығымен салыстырғанда салтанатты сипатқа ғана ие Израиль Президенті Герцог бейсенбіде Давос сессиясына қатысады. Және де бұл форумға Катар, Иордания, Ливан үкімет басшылары да шақырылған.

Сейсенбіде "Газа бойынша гуманитарлық брифинг" өткізуге жарты сағат бөлініп отыр.

Жасанды интеллект

Технологияға Давоста ерекше назар аударылайын деп отыр. Жасанды интеллекттің "экономика мен қоғам үшін қозғаушы күш ретіндегі рөлі" тақырыбына 30-ға жуық жеке сессия өтпек.

Бір жылдан астам уақыт бұрын OpenAI-дың ChatGPT қосымшасы пайда болды. Содан бері бұл салада бәсеке күшейіп, жасанды интеллекттің қоғам алдындағы қуаты мен перспективасы артып отыр. OpenAI басшысы Сэм Альтман Давоста өз компаниясының өсуіне қаржылай көмектескен "Майкрософттың" топ-менеджерлерімен бірге болады.

Білім берудегі жасанды интеллект, технологияның ашықтығы және оның этикасы мен шығармашылыққа әсері – бүінгі замандағы маңызды мәселелер.

Форумды ұйымдастырушылар өткен аптада ескерткендей, жасанды интеллект тарататын жалған ақпарат әлем үшін қысқа мерзімдік үлкен қауіпке айналуы мүмкін.

Демократия

Мұндай жалған контенттер биыл көбеюі мүмкін. Давоста өтетін бір сессияда демократияларға "боттар мен астыртын әрекеттерден" төнген қауіп қарастырылады.

Форумды ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл әлемнің жалпы  алғанда 4,2 миллиард адам тұратын елдерінде сайлау өтіп, көбісінде дауыс беру нәтижелері талас-тартысқа түседі. (Ресей Президенті Владимир Путиннің жаңа мерзімге қалатынына күмәнданушылар аз).

Бұл форум жаңа "қырғи-қабақ" соғыс басталды, автократиялар мен демократиялар арасында алауыздық күшейді деген әңгімелер көбейген шақта өтпек.

Сейсенбіде Қытай Премьер-Министрі Ли Цян мен Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен сөз сөйлеп, осы қарама-қайшылықты көрсетуі мүмкін. Бүгін кешкісін форумда Президент Джо Байденнің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан да мәлімдеме жасайды.

Ал сәрсенбіде Франция Президенті Эммануэль Макрон мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен, сондай-ақ Аргентинаның жаңа Президенті Хавьер Милей делегаттарға үн қатуы керек.

Байден бір кездері Давосқа тұрақты қатысты. Бірақ президент ретінде ол бұл кездесуге ешқашан бармаған екен.

Планетаны құтқаруға әрекет

Биылғы жыл да ерекше емес. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған климатолог ғалымдар осы айда орташа жаһандық температураның рекордтық деңгейге жеткенін хабарлады.

Байденнің климат жөніндегі кеңесшісі әрі қызметінен кетіп бара жатқан Джон Керри жеке секторды төмен көміртекті технологияларды дамытуға тарту жөніндегі панельдік пікірталасқа қатысады.

Бұл дебатқа Үндістандағы Энергетика, қоршаған орта және су жөніндегі кеңестің бас директоры Арунабха Гош кіреді. Ол климаттың өзгеруімен күрес жүріп жатқан жаһандық оңтүстікке инвестиция ағылуы қажеттілігін, сондай-ақ осы күреске дамушы нарықтар мен дамушы елдерді жаһандық деңгейде тарту керектігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу