Соғысты насихаттайтын ойыншықтар сөрелерде самсап тұр

Ресейде шығарылған осындай ойыншықтардың бір қатары сатылымнан алынды. 

Соғысты насихаттайтын ойыншықтар сөрелерде самсап тұр Фото: yandex.kz

Балалар ойыншығын саудалайтын желілердегі тауарларда ашық түрде соғысты қолдау жазбалары табылды, деп жазады inbusiness.kz. 

Мұны қоғам белсенділері байқап әлеуметтік желіде жариялады. Әскери ойыншықтарда көрші ел құндылықтары  жайлы жазбасы бар. Белсенділердің пікірінші бұл арандатудың бір тәсілі. Олар дереу жауапты ведомствоға шағымдарын жеткізген. Алайда Ресей азаматтарына тиесілі дүкенде мұндай тауарлар көп болып шықты. 

Астанада мұндай балалар ойыншығын сататын 7 дүкен бар. Орналасқан жері үлкен сауда орталықтарының төрінде, мұнда адамдар да көп жүреді. Иесі болса Ресейдің азаматы.

Даудың басы қоғам белсендісі Айдар Махметов жариялаған суреттен басталған. "Сыпайы адамдар" деген сарбаз ойыншықтар сөрелерге қойылған. Мұнда тұрған не бар дерсіз. 

Айтайық, Ресейдің "Вежливые люди" дегені  кейбірі "Жасыл адамдар" деп те атайды. 2014 жылы Қырым анекциясына қатысқан көрші ел әскерін осылай атап кеткен.

"Бұл көрші елдің тікелей арандатушылығы. Мұны басқаша атау мүмкін емес. "Сыпайы адам" дегені Украинадан басталды емес пе? Жауапты орган бұл мәселені біржақты етеді деп сенеміз және бұл кешірім видеосымен ғана құтылып кететін жағдай емес", – деді қоғам белсендісі Айдар Махметов. 

Белсендіге бұл суреттерді достары жіберіпті. Жазба әлеуметтік желіде лезде тарады. Қоғам арасында да қызу талқыға түсті. 

Бүгінде сауда орындарындағы аталған тауарлардың 98 пайызы шетелден әкелінеді. Жалпы Ресейден алатын ойыншық импортының үлесі аз. Негізгі әлем нарығын жаулап тұрған қазір Қытай. Олар осы арқылы жылына 30 млрд долларға дейін қаржы табады.

Бұл ретте психолог Айман Нұрмағанбетова балалар өзге елдік идеологиясымен тәрбиеленіп, бойына сіңірмес үшін ұлттық ойыншықтар өндірісін дамыту керек деп есептейді. 

"Ойыншық – ұлттық идеология құралы. Сондықтан бұл нарықты көршіге беріп қоймау керек. Отандық кәсіпкерлер ұлттық ойыншық өндірісін дамытуы кере", – деді маман Atameken Business арнасындағы "Түскі формат" бағдарламасында.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу