Сондерс елордаға келіп, Головкинді жұдырықтасуға шақырды

2573

Атақты боксшы Билли Джо Сондерс Нұр-Сұлтан қаласына келіп, Жанқош Тұраровтың бокс кешін тамашалады.

Сондерс елордаға келіп, Головкинді жұдырықтасуға шақырды

Кезекті жұдырықтасу аяқталысымен, жүргізуші Билли Джо Сондерсті ортаға шақырып, сұхбат алды. Өз салмақ дәрежесінде талай жүлде алып, біршама белбеуге қол жеткізген Сондерс Геннадий Головкинді кездесуге шақырды.

"Маған қазақ жанкүйерлері қатты ұнады. Олар боксты жақсы көреді. Мен дәл осы "Барыс Арена" спорт кешенінің ішінде Геннадий Головкинді кездесуге шақырамын. Геннадий, мен сенің жеріңе келіп тұрып, сені жұдырықтасуға шақырып тұрмын. Ертең мен Фрэнк Уорренмен кездесіп, бір шешімін айтамын. Қазақ жанкүйерлеріне тамаша кездесу ұйымдастыруымыз қажет", – деп ағынан жарылды.

Айта кетуіміз керек, 6 шілде күні "Барыс Арена" спорт кешенінде Жанқош Тұраров WBO тұжырымы бойынша аргентиналық Мауро Годоймен жұдырықтасып, осы нұсқаның чемпионы атанды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу