Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов олимпиада чемпионы Ци Гуанпу бастаған қытайлық спортшыларды жеңіп, Қазақстан тарихында алғаш рет Азия ойындарында фристайл-акробатикадан алтын медаль еншіледі.
Сондай-ақ, спортшыларымыз 97.92 ұпай нәтижесімен Азия рекордын жаңартты.
Бұл қазақстандық спортшылардың фристайл-акробатикадан бүгінгі екінші жүлдесі. Бұған дейін Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде қола медаль иеленген болатын.
Қазақстан құрамасының Харбиндегі қысқы Азия ойындарында иеленген медальдары:
Алтын медаль – Ерлер құрамасы (шорт-трек) – 5000 метрлік эстафета
Алтын медаль – Ерлер құрамасы (фристайл-акробатика) – синхронды секіру
Күміс медаль – Аралас команда (шорт-трек) – 2000 метрлік эстафета
Күміс медаль – Евгений Кошкин (конькимен жүгіру спорты) – 100 метр
Күміс медаль – Константин Борцов (шаңғы спорты) – спринт
Күміс медаль – Әйелдер құрамасы (шорт-трек) – 3000 метрлік эстафета
Күміс медаль – Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев, Асылхан Асан (фристайл-акробатика) – аралас жарыс
Қола медаль – Аяна Жолдас (фристайл-акробатика) – әйелдер жарысы
Қола медаль – Әйелдер құрамасы (конькимен жүгіру спорты) – командалық спринт
Қола медаль – Олжас Климин (шаңғы жарысы) – 10 шақырым, еркін стиль
Қола медаль – Әйелдер құрамасы (фристайл-акробатика) – синхронды секіру