Алдағы уақытта М. Ақшалов Қостанай облысының спорт басқармасына басшы болып баруы ықтимал. Спортшы жуырда ҚР Туризм және спорт министрлігі жаңынан құрылған комиссия отырысына қатысқан. Кездесуде өз бағдарламасын таныстырғаны да белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Боксшы бүгінде Астана қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры қызметін атқарады.
Мерей Ақшалов – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері. 2013 жылы Әлем және Азия чемпионы атанса, 2010 жылы әскерилер арасындағы әлем чемпионы болды.
Еңбек жолын Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері болып бастаған. Кейін түрлі жауапты қызметтерді атқарды.
Еске салайық, бұған дейін бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болғанын хабарлаған едік.