Тағы бір локдаун болса, кәсіпкерлердің 30%-ы банкротқа кетеді

3403

Ресей мен АҚШ пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлерге 0 пайыздық несие ұсынып отыр. 

Тағы бір локдаун болса, кәсіпкерлердің 30%-ы банкротқа кетеді

"Атамекен" ҰКП басшысы Абылай Мырзахметов пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлерге 0 %- дық несие беру мәселесін тағы көтерді. 

"Пандемияның тағы бір толқыны келсе, біздің негізгі мақсатымыз локдаунға дейін жеткізбеу болып отыр. Сол үшін де қарапайым үш ереже туралы челендж де жарияладық. Өйткені экономиканың тағы да тоқтап қалуын көтеруіміз қиын болады. Біздің сауалнамаға қатысқан 70 мыңға жуық кәсіпкердің 10 %-ы қазірдің өзінде банкрот болатынын айтып отыр. Егер тағы бір локдаун жарияланса, бұл сан 30 пайызға жетуі мүмкін", – деген палата өкілі каратин тұралатып кеткен кәсіпкерлерге  0 пайыздық несие беру мәселесі әлі қарастырылып жатқанын айтты. 

"Жалпы пандиемя кезінде бюджеттен 6 трлн теңгеден астам қаражат бөлінгенін белгілі. Оның  2 трлн теңгеге жуығы салықтан босату түрінде көрсетілді. Яғни, ешкім ақша берілген жоқ, кәсіпкерлерге 2 трлн теңгенің салықтық жеңілдіктері көрсетілді. Қалған ақшаның қалай жаратылғанын жақсы білесіздер. 42 500 теңге төлем берілді, індетке қарсы шаралар мен дәрі-дәрмекке, түрлі несиелерге бағытталды. Қазір біз Ресей мен АҚШ-тағы сияқты 0 пайыздық несие беру туралы айтып жүрміз. Тоқтап тұрғанның өзінде жұмысшыларының 80-90 %-ын сақтап қалғандарға 0 %-бен несие беруіміз керек. Ол несиемен ағымдық шығындарын өтей алар еді. Осы өте керекті шара деп ойлаймыз. Әлі де болса келіссөздер жүріп жатыр. Ол енді мемлекеттік бюджеттік мүмкіндігіне байланысты", – деді Абылай Мырзахметов.

Есжан Ботақара


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу