Тағы да бір жоба көмекке келмек

Клара Ларина Клара Ларина
6893

ОҚО-да "Оңтүстік Қазақстан облысы бизнес үшін қолайлы өңір" жобасы бастау алды.

Тағы да бір жоба көмекке келмек

Жобаны іске асыру нәтижесінде өңірде жұмыс істейтін кәсіпкелер санын арттыру, жұмысысыздық және қылмыс деңгейін төмендету, сонымен қатар бюджетке түсетін түсімдердің артуы күтілуде.

Жобаның тұсаукесері облыс әкімдігінің, ӨКП және облыстық "Нұр Отан" ХДП қолдауымен жобаның бастамашысы және басты дайындаушысы  болған Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында өтті.

Облыс прокурорының аға көмекшісі Батыр Ергешов айтқандай, жобаның мақсаты кәсіпкерлердің құқығын қорғау және бизнесті дамытуда тиімді механизмдерді дайындау болып табылады. Онда негізгі бес міндет қойылған.

Біріншісі- бұл бақылау-тексеру органдары тарапынан тексеріс жасау арқылы кәсіпкерлерге талаптар қойып, бизнеске қысым жасауды төмендету. Жобаның тұсаукесері кезінде айтылған ақпаратқа сүйенсек, ОҚО-ның бақылау және тексеру органдарымен соңғы екі жарым жылда 8782 кәсіпкерге тексеріс жасалған, оның ішіндегі 47 %-ы немесе 4134 тексеріс нәтижесіз, яғни тексеріс кезінде ешқандай тәртіп бұзушылық болмаған.

"Кәсіпкерлерді 61 мемлекеттік бақылау тексеру органдары тексереді, олар кәсіпкерлік субъектісінің сақтауы керек 17 мың талапты талап етеді. Осыған байланысты қандай тексеру мен талаптың қажеттілігі  бар, оның қайсысы кәсіпкерге жұмыс істеуге кедергі екендігін анықтап, сараптағымыз келеді",- деп түсіндірді Ергешов мырза.

Екінші міндет- бұл қылмыстық процесте кәсіпкерлердің құқығын қорғау, яғни бизнесті негізсіз қылмыстық процеске тартуға шектеу қою, экономика саласындағы ҚР Қылмыстық Кодексінің  жекелеген баптарын келешекте қылмыссыздандыру және ізгілендіру қажеттілігі туралы мәселені қарастыру болып табылады.

Үшінші міндет кәсіпкерлердің құқығын азаматтық және әкімшілік процестерде қорғау, яғни дауларды сотқа дейін реттеу механизмін дамыту, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінде анықталған нормалар, қисынға келмейтін мемлекеттік кіріс органдарының тексерісі нәтижесін  даулау туралы азаматтық іс бойынша практиканы талдауға негізделеді.  

"Төртінші міндет- бұл бизнесті жүргізу үшін әкімшілік кедергілерді жою, яғни рұқсат етуші құжаттарды шектен тыс реттеуді жою, хабарлау және рұқсат ету туралы заңнаманың қолданылуын талдау, мемлекеттік қызмет көрсету және оларды қолдану практикасы стандарттарын талдау, бизнес субъектілерімен органдардың, өкілеттілердің рұқсат және лицензия беру шешімін және әрекетін даулау туралы азаматтық іс бойынша практикаға талдау, НҚА-ға, нормативті-техникалық актілерге, сонымен қатар санитарлық ереже мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері, техникалық уақытын белгілеу, бизнес үшін артық, ескі делінген талаптар стандарттарын талдау",- деп жалғастырды спикер.

Бесінші міндет  бизнесті жаппай дамытуда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шаралары мен түрі, олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өңірде кәсіпкерлермен кездесуді ұйымдастыру, шағын бизнеске ауыл халқын тарту, ШОБ субъектілерін қамтамасыз етуші өңірлік бизнес-қауымдастықтардың өсуін ынталандыру, тауар, жұмыс және қызметті жеткізуде ЖАО-мен шарт жасауда  "Мемлекеттік сатып алулар туралы" ҚР заңын бұзу практикасын талдау туралы хабарламалармен қоғамдық БАҚ арқылы көпшілікті ақпараттандыру.

"Жоба облыс территориясында Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасымен, "Нұр Отан" партиясының филиалымен, жергілікті атқарушы, өкілеті органдармен мемлекеттік бақылау және тексеру, құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік емес ұйымдармен, Оңтүстік Қазақстандағы "Мемсараптама" РМК-мен бірлесіп 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін іске асатын болады. Жобаны іске асырудың нәтижесінде жұмыс атқарушы субъектілердің қызметіне мемлекеттік органдардың негізсіз араласу факторын төмендету, жыл соңына дейін жұмыс атқарушы кәсіпкерлердің, оның ішінде тауар және қызмет көрсетушілердің санын 15 % -ға ( қазір олар 180 мың адам) арттыру. Бұл жұмыс орнын арттыруға және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Біздің мәліметіміз бойынша ОҚО территориясында жасалатын қылмыстың 80 % жұмыс істемейтін адамдармен жасалады. Сонымен қатар, бұл бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті төлемдердің түсуінің артуына әкеледі",- деп мәлімдеді прокурордың аға көмекшісі.

Жоба мақсатына жету және кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, өңірдегі инвестициялық климатты жақсарту, жемқорлық пен әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруда жобаны іске асырудың жол картасы дайындалған. Оның тұсаукесері жасалғаннан кейін ол төрт тарап өкілдерімен, яғни ОҚО прокуратурасы, ӨКП, "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалы және облыстық әкімдікпен қол қойылып бекітілді.

Жол картасы ОҚО кәсіпкерлігін дамыту жағдайын,  бизнесті дамытуға кедергілердің себебі мен талабын,  ауыл шаруашылық, құрылыс, жер қатынастары, салық салу, ішкі экономикалық қызметті анықтауға және оларды шешудің жолын қарастыруға бағытталған бір қатар іс шараларды қарайды.

ОҚО прокурорының орынбасары Мұрат Әлімбеков бұл жоба мемлекетпен кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүргізіліп отырған саясатқа сәйкес екендігін атап кетті. "Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы "Қазақстан-2050" старатегиясы" жолдауында отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық курстың қозғаушы күші болап табылатындығы белгіленген. 2030 жылға дейін шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі адамның  бизнесті бастап көруіне, мемлекет не береді деп күтіп отырмай, елдегі жүргізіліп жатқан экономикалық өзгерістердің толыққанды қатысушысы болуына  жағдайды жасаумен кем дегенде екі есеге өсуі керек. Іскерлік мәдениеттің жалпы деңгейін көтеру және кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру маңызды. Біршама қолайлы бизнес-климаты бар елдердің әлемдік рейтингінде Қазақстан  183 елдің ішінде 59 орында. Бұл біздің еліміз үшін, оның ішінде біздің өңір үшін шек деп ойламаймын және жобаны іске асыру бұған өзіндік әсерін тигізеді деп ойлаймын", - дейді ол

"Жобаның мақсаты- ШОБ-ке көмектесу,-деп атап көрсетті ОҚО әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев. - Бірлескен жұмыстың нақты бағыттары белгіленді. Негізінен, бұл ескірген және қазір кәсіпкерлер үшін бюрократиялық мәселер туындатып жатқан   нормативтік және нормативтік-техникалық құжаттарға тексеріс жүргізу. Біз жұмыс тобының мүшелерімен бірге бизнес үшін біршама қолайлы жағдай жасауда оларды талдап,оларды өзгерту немесе оңтайландыру бойынша өкілетті органдарға ұсыныс береміз. Мысалға, шаштараз бизнесін ашу үшін 20-30 талапты орындауы керек. Бұл талаптардың көбісінің қазіргі уақытта керегі жоқ деп ойлаймын, әлемдік тәжірбиені қолдана отырып, көп нәрсені қысқартуға болады. Жоба шеңберіндегі біздің бірлескен жұмысымыз дұрыс талаптарға, көмектің шынайы механизміне, сонымен қатар, өңірдегі кәсіпкерліктің негізгі мәселелерін анықтауға әкеледі деп ойлаймын".

ОҚО кәсіпкерлер палатасы директоры Асқар Әубәкіров жол картасы жобасы бойынша нақты іс шаралар жоспарын бекіту және әр түрлі органдардың күшін біріктіру өте маңызды деп есептейді. "Ол әр сала бойынша ай сайын бірлесіп атқарылатын нақты жұмыстарды айтады. Әр айдың соңында біз неге қол жеткізгеніміз және нені игере алмағандымыз туралы есеп береміз. Жылдың соңына қарай қандай сұрақтар шешілмей қалмағандығын және неліктен шешілмегендігіне қорытынды жасаймыз. Сонымен бірге, кәсіпкерлер тарапынан қосымша ұсыныстарды күтеміз",- деді ол abctv.kz-ке.

Оның ойынша, жобаның қысқа мерзімді болуы да жақсы. "Ұзақ мерзімді абстрактылы жоспарлардан гөрі, нақтылық пен өлшенетін көрсеткіштердің көп болғаны жақсы. Жоба аяқталғаннан кейін, белгіленген жоспарларға қол жеткізілгеннен кейін  бұл жобаны өзгерту немесе жалғастыру туралы мәселені қоюға болады"

ӨКП директорының ойынша, жоба аясында жоспарланған іс шаралар кәсіпкерлерді қолдау және қорғаудың қолданыстағы  механизмдерін айтарлықтай толықтырады. "Жобадағы көрсетілгендер біздің облыс прокуратурасымен екі жылдан аса уақыт бірлесе атқарып жатқан міндеттерімізге бағытталған. Кәсіпкерлер үшін әкімшілік және басқа да кедергілерді азайту бойынша жұмыс барысында кәсіпкерлерлің туындаған мәселелерін жылдам шешу мен шұғыл әрекет ету үшін call орталық құрылған. Мәселелер жүйелі түрде көтеріліп, кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінде шешіледі. Жаңа жоба- осы жұмысқа қосымша",- деп түсіндірді ол.

Жобаны дайындаудың қажеттілігі неліктен туындады, қолданыстағы кәсіпкерлерді қорғау механизмдері жеткіліксіз ба деген сауалға ОҚО прокурорының көмекшісі Батыр Ергешов былайша жауап берді:

"Егер қазіргі уақыттағы бар механизмдер туралы айтатын болсақ, олар теориялық жағынан алып қарасаң жеткілікті, алайда, іс жүзінде бизнес жағдайы жақсарып жатқаны шамалы. Біз жыл сайын кәсіпкерлердің құқығын бұзу мәселесіне шара қолданамыз, бірақ та жыл сайын бұл қайталанып, тіпті, артуда"

"Мемлекет басшысы бизнеспен айналысқысы келетін әрбір қазақстандық үшін жағдай жасау керектігі туралы міндетті қойып отыр. Алайда, біздің өңіріміздегі бизнесмендердің саны өспей, төменгі деңгейде болып отыр. 2,8 миллион адамы бар біздің облысымызда небәрі 180 мың кәсіпкер тіркелген. Осы ретте адамдар бизнеспен айналысқысы келмейді деуге болмайды. Көбісінің бизнеспен айналысқысы келеді, бірақ та қандай бағытты таңдайтынын білмейді. Бізде нақты сараптама жоқ. Бизнеспен айналысуға ниет білдірушіге ешкім нақты бағыт бере алмайды. Сондықтан да осы бағытта жұмыс жасаған жөн",- деді Ергешов мырза.

"Осымен қатар, қолданыстағы бар нормаларды, ережелерді, техникалық уақыт белгілеуді және жекелеген заң актілерін жіті талдау қажет. Бұлардың кейбіреулерінің қазіргі уақытта қажеті жоқ. Мысалға, өзінің бизнесімен үйде айналысу үшін жер телімінің мақсатты мәнін өзгерту керек. Біздің сараптамамыз көрсеткендей, мұндай "қағаз жұмыс" бір жылға , кейде одан да көп уақытқа созылады. Нәтижесінде өтініш берушінің ниеті қайтып қалады. Егер адам, мысалға, үйінде шаштараз ашқысы келсе, онда оның жер телімінің бастапқы мақсатын өзгертудің не қажеттілігі бар? Біздің ойымызша, бұл процедураны алып тастап, оны хабарлама жасаумен алмастыру керек",- деді ол порталға.

Осындай ұқсақ мәселелерді сараптау нәтижесінде жобаны орындаушылар өңір бизнесінің проблемалық сұрақтары тізімін жасамақ және осыған қатысты кәсіпкерлердің өзінен прокуратураның және кәсіпкерлер палатасының сенім телефондары арқылы ұсыныстарын күтуде.

"Біз адамдардың бизнеспен айналысуы үшін толық қанды жағдай жасағымыз келеді. Жоғары тиімділік пен нәтижелілік үшін біз жұмыс тобының құрамына әдейі тексеру және бақылау мемлекеттік органдардың өкілдерін қостық. Сонымен бірге, жекелеген шаралар өкілетті органдардың өзінің орындауымен іске асады. Алға қойып отырған жоспарды бірлесіп атқару міндеттерге қол жеткізуге әкеледі және бұл барлық жұмыс ОҚО-ға жобада айтылған бизнес үшін қолайлы өңір дәрежені алуға мүмкіндік береді",- деп қорытындылады Ергешов мырза.

Клара Ларина, Шымкент

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу