Әйгілі испаниялық теннисші, "Үлкен дулыға" турнирінің 22 дүркін чемпионы Рафаэль Надаль спорттық мансабын аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Теннисші Дэвис кубогының ширек финалында Испания – Нидерланд матчында нидерландылық Ботик ван де Зандсхулпқа 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді.
Аталған матчта Нидерланд құрамасы Испанияны ұтып, жартылай финалға жолдама алды.
"Мен теннис ойнаудан шаршадым. Денем бұрығыдай икемді емес. Менде титул мен цифрлар – бәрі бар. Бірақ көпшілік мені Мальоркадағы шағын деревнядан шығып, үлкен мансапқа жеткен қарапайым адам ретінде есінде сақтағанын қалаймын", – деді Надаль берген сұхбатында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу