"Тиісті рұқсатсыз бір тамшы су берілмеуі тиіс": Бектенов су лимитін бақылауды тапсырды

639

Құзырлы министрлікке тапсырма берілді.  

"Тиісті рұқсатсыз бір тамшы су берілмеуі тиіс": Бектенов су лимитін бақылауды тапсырды Фото: eldala.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі дала жұмыстары кезінде әр облыс үшін бекітілген лимитті қатаң бақылауды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жалпы, былай қарасақ, су тапшылығы болады. Қазірдің өзінде көріп отырмыз ғой. Сондықтан әр облыс үшін бекітілген лимитті қатаң бақылау керек. Министрліктің рұқсатынсыз бір тамшы су берілмеуі тиіс. Шардара су құбыры қашан дайын болады?", – деп сұрады Үкімет басшысы.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің сөзінше, 1 шілдеде толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

"Қаражат 100 пайыз шешілген", – деді ведомство басшысы.

Олжас Бектенов бұл вегетациялық кезеңде өте маңызды мәселе екенін баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу