Тимур Құлыбаев: "Барлығын бірдей субсидиялау – келешегі жоқ шаруа"

1892

ҰКП шаруашылық жүргізушілерге бидай бағасына кететін шығыстарға ақша салмай, майлы өсімдіктерге көшіңіздер немесе терең өңдеуді қолға алыңыздар деп кеңес берді.

Тимур Құлыбаев: "Барлығын бірдей субсидиялау – келешегі жоқ шаруа"

"Атамекен" ҚР ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысында болып, өзінің командасымен өңірлік палата кеңесінің отырысына қатысты. Дәстүрлі кездесу жергілікті кәсіпкерлерге өздері үшін билік пен ҰКП-ның позициясын анықтап, сондай-ақ импорталмастыру, экспорт пен өңдеуді дамытуға қатысты өткір мәселелердің жауабын табуға мүмкіндік берді.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмысын көрсететін ресми сандар ұйымның жұмыс істеген жылдары барлық деңгейдегі мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орната алғанын көрсетеді. Тимур Құлыбаевтың айтуынша, ҰКП мамандары 570-тен астам жүйелі мәселені көтеріп, осы мәселелер бойынша әртүрлі заңнамалық және нормативті-құқықтық актілерге 20 мыңнан астам өзгеріс енгізу қарастырылған. Палатаның басты жұмыстарының ішінде екінші деңгейлі банктердің жұмысына өзгеріс енгізбекші. Еліміздің экономикасына түсетін қаражатты ЕДБ арқылы жасау кестесін әзірлеу жоспарда бар. ҰКП бұл қаржылық ақшаны кәсіпкерлік қауымдастық үшін қолжетімді етеді деп есептейді. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар жүйесі жұмысына да өзгерістер енгізіледі деп күтілуде. Бұл жерде өндірісті жерсіндіру арқылы импорталмастыру және отандық өндірістерді жаңғыртуға үміт артылып отыр.

"Жыл басынан бері 1500 кәсіпорынды аралап, олардың нақты қандай тауар өндіре алатынын көрдік. Мемлекеттік сатып алу арқылы жеткізуді іске асыру үшін өндірісін жергіліктендіргісі келетіндерге бір терезе арқылы қолдау көрсетеміз. Өткен жылдан бастап квазимемлекеттік сектормен жұмысты бастадық. Осы уақыт ішінде квазимемлекеттік сектор компанияларының сатып алу жүргізетін 20-ға жуық негізгі өнім түрлерін анықтадық. Біз осы өнімді жеткізе алатын кәсіпорынды таңдап алып, оған мемлекеттік қолдаудың барлық түрін көрсетеміз. Бұл мәселені ұлттық компаниялармен, үкіметпен талқылап, географиялық орналасу, экспорттық әлеуеті, климаттық жағдайы тұрғысынан алғанда, тап осы өңірде осы немесе басқа өнімді өндіру қаншалықты тиімді екенін қарайтын боламыз", – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

АӨК-ні дамытуға тоқталатын болсақ, онда ҰКП басшысы, палата қазір "ҚазАгро" мен ауылшаруашылығы министрлігінен ауылшаруашылығын тиімді өңдеуге мүмкіндік беретін ұсыныстар күтіп отырғанын айтты. Осы жоспарды іске асыру әлеуеті бар өңір ретінде Қостанай облысына ерекше көңіл бөлінеді. Кездесу барысында өңір бизнесмендерінің ауыл шаруашылығы тақырыбын талқылауды ұсынуы да осыған байланысты. Мысалы, шаруаларды бірыңғай ауылшаруашылық салығын енгізу қаралып, қолдауға ие болғаны қатты қуантты. Әсіресе, шағын шаруашылықтарға жылына бір-ақ рет салық төлеген тиімді. Соның ішіне бюджетке аударылатын барлық салық түрі кіреді. Бұл тақырып қазір ұлттық экономика министрлігінде қызу талқыланып жатыр.

Сонымен қатар шаруалар бүгінгі күні өсімдік шаруашылығының негізгі бес құраушысының үшеуі, яғни ЖЖМ, техника және химияның бағасы үнемі өсіп отыратынын айтып, жұмысты жоспарлау мәселесін көтерді. "Қарасу" АӨК" ЖШС басшысы Алмат Тұрсыновтың айтуынша, сол себепті шаруалар тұқымды, агротехнологиялар және басқа да шығыстарды үнемдейді. Оның айтуынша, осыдан барып қазақстандық астықтың сапасы төмендеп, нарықтарды жоғалту орын алады.

"Ауылшаруашылығы министрлігіне жүгініп, егістіктерді әртараптандыру керек пе әлде өңдеуді арттыру үшін инвестициялық субсидиялар беру бола ма, соны түсіну үшін олардан зерттеу жасауды сұрадық. Осы дұрыс болатын шығар", – деді "Атамекен" ҰКП басқармасы төрағасы Абылай Мырзахметов.

Өңдеушілер де өз сұрақтарына жауап алды. Мысалы, макарон, кондитерлік өнім шығарушылар олардың өнімін ҚҚС бойынша даталанатын тауарлар тізіміне қосатынын айтты. Ұн өндірушілер ҚҚС бойынша өтемақы алған, ал макарон бойынша әлі күнге дейін ала алмай отыр. Жағдайды түзету саланың дамуына жаңа серпін бермек.

Ұн өндірушілер қазақстандық астық пен ұнды Орталық Азия елдеріне экспорттауға қатысты жаңалықтарға қуанып қалды. Ұзаққа созылған пікірталас пен даудан кейін Қазақстан Өзбекстанға қатаң талап қойды. Яғни көршілер қазақстандық және өздерінің ұн өндірушілері үшін тарифті теңестіреді немесе Қазақстан көршілерден келетін жеміс-көкөніс өнімдерін өз аумағына әкелуге арналған тарифтерді көтереді. Бұл мәселені премьер-министрдің орынбасары Асқар Мамин 4 мамыр күні Өзбекстанға барған сапарында талқылады. Мәселенің жауабын Қазақстан бір айдан кейін алады. Сондай-ақ Ауғанстанға ұн жеткізуді квотталауды балама ретінде қарастырады. Өзбекстанның ұнды қазақстандық бидайдан жасайтынын ескере отырып, нарықты екіге бөледі.

Кездесу соңында Тимур Құлыбаев бүгінгі таңда жаңаруға және жоғары нәтижелі болуға дайын нақты кәсіпорындарды қолдай отырып, терең өңдеуге басымдық беретін атап кетті. Барлығына бірдей субсидия берілмейді. ҰКП басшысының сөзінше, бұл келешегі жоқ шаруа.

Өткізу нарығын ұлғайту үшін Қазақстан жақын арада агрессияшыл экспорттық саясатты бастамақ. Бір терезе қағидасы бойынша кәсіпкерлер барлық қолдауға ие болады. Бұл жұмысқа инвестиция және даму министрлігінің барлық ведомствосын, сауда өкілдігін және дипломатиялық қызметті жұмылдырмақшы. Бұған Қазақстанда таныстырылып қолдауға ие болған беларустік тәжірибе алынды.

Гүлназ Ермағанбетова, Татьяна Шестакова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу