Тимур Құлыбаев Алексей Луценконы жеңісімен құттықтады

1864

Қазақстан құрамасының көшбасшысы әрі "Астана" командасының шабандозы велокөпкүндіктің алтыншы кезеңінде мәреге бірінші келді. 

Тимур Құлыбаев Алексей Луценконы жеңісімен құттықтады Фото: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев әйгілі "Тур де Франс" велокөпкүндігінің алтыншы кезеңінде  топ жарған қазақстандық велошабандоз Алексей Луценконы жеңісімен құттықтады, деп жазады Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайты.

"Алексей, бүгін Сіз барша олимпиадалық отбасыға, барша жанкүйерге көптен бері жетіспей жүрген керемет көңіл-күй сыйладыңыз. Жеңістің бағасы әдеттегіден де арта түсті. Қазақстандық велошабандоздың 10 жылдан соң әйгілі көпкүндік кезеңінде жеңіске жеткені сіздің көшбасшылық қабілетіңізді айқындай түседі. Олимпиада ойындары кейінге шегеріліп, оқшаулау кезеңі бірнеше айға созылып, жаңа маусымға дайындық үй жағдайында өткен қиын кезеңнен соң спорттық бабын жоғалтпау – нағыз чемпион мен құрама көшбасшысына ғана тән қасиет. Гранд Турдың келесі кезеңдерінде қазақстандық командаға шын жүректен сәттілік тілеймін. Бұл жеңіс Қазақстан олимпиада құрамасы атлеттерінің алдағы жетістіктеріне жол ашсын", – дейді ҰОК басшысы.

Айта кетелік, Қазақстан құрамасының көшбасшысы әрі "Астана" командасының шабандозы велокөпкүндіктің алтыншы кезеңінде мәреге бірінші келді. Ол 191 шақырымды 4 сағат, 32 минут және 34 секундта жүріп өткен. Бұл қазақстандық спортшының "Тур де Франстағы" алғашқы жеңісі.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу