Тимур Құлыбаев: "Марапат – ерен еңбектің лайықты жемісі"

2366

"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев бірқатар азаматқа  Қазақстан дамуына қосқан үлесі үшін берілетін мемлекеттік наградаларды табыстады 

Тимур Құлыбаев: "Марапат – ерен еңбектің лайықты жемісі" Фото: atameken.kz

Марапттау салтанаты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды. Тимур Құлыбаев кейбір лауреаттар коронавирус індетіне байланысты енгізілген шектеулер салдарынан іс-шараға қатыса алмағанын өкінішпен атап өтті.

"Бүгін біз бір-бірімізді онлайн форматта құттықтап жатырмыз, бірақ осындай жоғары марапатқа ие болу жақындарыңызбен бөлісудің жақсы себебі. Биыл біз тап болған қиындықтарға қарамастан сіздер төзімділік танытып, шынайы жағдайға бейімделе алдыңыздар. Марапат – атқарған қызметтеріңіздің лайықты жемісі және егеменді Қазақстанның дамуы жолында ұжымдарыңыздың ерең еңбегі", – деп құттықтады марапат иелереін Тимур Құлыбаев.

 Қазақстанның Еңбек Ері Ұзақбай Қарабалин қазақстандықтардың табандылығының арқасында мемлекет 29 жыл ішінде дамыған елдердің қатарынан көріне білгенін баса айтты.

"Сіздерге жаңа биік шындарға шыға берулеріңізге тілектеспін. Әр жылда осы күннің қарсаңында тағы бір тәуелсіз жылы қалай өмір сүргенімізді, қандай қиыншылықтан өткенімізді, қандай жетістіктерге жеткенімізді, еліміздің дамуына кімнің қандай үлес қосқанын қорытындылай отырып, ерлік көрсеткен, ерең еңбек атқарған азаматтарымызды марапаттайтын жақсы дәстүріміз бар. Міне біз де осы қағиданы сақтап, виртуалды түрде болса да, әсерлі марапаттау рәсімінде қауышып отырмыз. Шын жүректен марапатталған азаматтарды құттықтаймын", – деді Ұзақбай Қарабалин.

"Парасат" орденін "Атамекен" ҚР ҰКП Тексеру комиссиясының төрағасы Нұрлан Құдайбергенов иеленді. Royal Dutch Shell вице-президенті Лазар Оливье ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды. Тағы 9 азамат "Құрмет" орденінің лауреаты атанды, олардың қатарында "Alageum Electric" директорлар кеңесінің төрағасы Нұрмахан Абдрахманов, "Қазатомпром" ҰАК" басқарма мүшесі Бауыржан Ыбыраев, "Меридиан Петролеум" бас геофизигі Марис Назаров бар. ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен "Урихтау Оперейтинг" Бұрғылау және ішкі ұңғымалар жұмыстары бөлімінің бастығы Мақсот Кемелов, Екібастұз ГРЭС-1 электр цехының жабдықтарын жөндеу жөніндегі аға шебері Болат Маямеров және өз саласының 4 кәсіпқойы марапатталды. Сонымен қатар ҚР Құрмет грамоталары табысталды.

2020 жылы мемлекеттік және ведомстволық наградалармен бизнес құрылымдар мен қауымдастықтардың 188 жұмыскері марапатталды.

Салтанатты жиынды аяқтап, Тимур Құлыбаев лауреаттарды тағы бір мәрте Қазақстан Тәуелсіздігі күнімен құттықтады.

"Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, қызметте  табыс тілеймін, Қазақстан және әлем экономикасындағы қиын кезеңдер артта қалсын", – деп тіледі "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы.


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу