Трамп: Енді АҚШ-қа НАТО құрамындағы елдердің көмегі керек емес

Америка көшбасшысы мұндай пікірін өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды. 

Трамп: Енді АҚШ-қа НАТО құрамындағы елдердің көмегі керек емес Фото: Getty Images

Дональд Трамптың сөзінше, АҚШ-тың НАТО-дағы "көптеген одақтасы" Вашингтонға Иранға қарсы әскери операцияға араласқысы келмейтінін ашық білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Мені олардың әрекеті таңғалдырмайды, себебі мен әрқашан НАТО-ны "біржақты қозғалыс көшесі" деп санайтынмын. Біз бұл елдерді қорғауға жыл сайын жүздеген миллиард доллар жұмсаймыз, ал олар біз үшін, әсіресе қиын сәтте, ештеңе істемейді, – деп жазды ол.

Сонымен қатар, Трамп АҚШ пен Израиль Иранның әскерін, флотын және әуе күштерін жойып, ел басшылығының барлық дерлік деңгейдегі өкілдерін өлтіргенін тағы да қайталап өтті. 
Сол себепті, АҚШ-қа НАТО елдерінің көмегі енді қажет емес.

– Біз ешқашан мұқтаж болған емеспіз! Бұл Жапония, Аустралия немесе Оңтүстік Кореяға да қатысты. Тағы да қайталаймын: Біз ешкімнің көмегіне мұқтаж емеспіз, – деп сөзін нақтылады Трамп. 

Бұған дейін Еуроодақ та Ормуз бұғазы мәселесінде Трамптың айтқанына көнбеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу