Дональд Трамп бұл шешімнің өзгермейтінін де қатаң айтып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Осы сәттен бастап Иран Ислам Республикасымен бизнес жүргізетін елдер Америка Құрама Штаттарымен кез келген және барлық іскерлік қатынастар үшін 25% баж салығын төлейтін болады. Бұл өкім түпкілікті және шағымдануға жатпайды, – деп жазды ол.
Айта кетейік, Америка көшбасшысы Иран үкіметіне қарсы 3 жыл ішіндегі ең ірі жаппай наразылық акцияларына қатысты пікір білдіріп, елге көмектесуге дайын екенін мәлім етті.
Трамп 2 күн бұрын ғана Иранға қатысты ең қатаң нұсқаларды қарастырылып жатқанын жеткізген еді.
Сол күні Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Ғалибаф төтенше отырыста АҚШ әскери әрекетті бастаса, Иранның заңды нысандары мен басып алынған аумақтарда, сонымен қатар АҚШ-тың әскери базалары мен кемелеріне қарсы соққы жасалатынын ескертті.
Бұған дейін Трамп Иранға интернет қолжетімділігін қалпына келтіру мәселесін Маскпен талқылауы мүмкін екенін хабарладық.