Сол себепті, АҚШ президенті Ормуз бұғазын өзінің атымен атауды ұсынған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол мұндай ойы бар екенін Truth Social желісінде жазған.
– Енді ол АҚШ бақылауында болғандықтан, Ормуз бұғазының атауын “Трамп бұғазы” деп өзгертуіміз керек пе? – деп сұрау салды Трамп.
Оның сөзінше, бұдан кейін бұл су жолы бұрынғыдан да қызу талқыға түседі. Ол мұны Американың өзімен де салыстырған.
Соңғы апталарда Трамп стратегиялық маңызы зор Ормуз бұғазын АҚШ құрамына қосу туралы да бірнеше рет мәлімдеген. Ол Truth Social парақшасында бұғаз “New U.S. Territory”, яғни “АҚШ-тың жаңа аумағы” деп көрсетілген картаны да жариялады.
Дональд Трамп географиялық нысандардың атауын өзгертуге қатысты ұсыныстарын бұған дейін де айтқан.
Өткен аптада ол Канадамен шекарада орналасқан Онтарио көлін “Америкалық көл” деп атауды тапсырған.
Ал бұған дейін Мексика шығанағын "Америкалық шығанақ" деп өзгертуді ұсынған болатын.