Дональд Трамп: Путин Зеленскиймен келіссөз жүргізуге міндетті емес

АҚШ президенті кеше осындай мәлімдеме жасады.

Дональд Трамп: Путин Зеленскиймен келіссөз жүргізуге міндетті емес Фото: ria.ru

Тілшілердің сұрағына жауап берген ол Ресей президенті Украина басшысымен кездескісі келмесе де, Путинмен жолығатынын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған дейін Ақ үйдегі дереккөзге сүйенген New York Post егер Путин Зеленскиймен келіссөзге келіссе ғана АҚШ пен Ресей президенттері кездесетінін айтқан. 

"Бұл кездесу өтуі үшін Путин Зеленскиймен де кездесуі керек", – деп жазған еді дереккөз. 

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеу мен Вашингтон жуырда жоғары деңгейдегі кездесу өткізу жөнінде келіскенін хабарлаған-ды. 

Кейін олардың қай жерде кездесетіні де мәлім болды. 

Еске салайық, қос президенттің кездесуі туралы Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Ресей жеріне табаны тигеннен соң көп айтыла, жазыла бастады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу