Семсерлесуден Ұлттық құрама спортшысы Айгерім Сарыбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуінде алжирлік Чайма Бенадуданы жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Есеп: 15-9. Отандасымыздың 1/16 кезеңдегі қарсыласы - француз Манон Брюне (Токио Олимпиадасының күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионы).
Айта кетейік, Әйгерім Сарыбай 2018, 2019, 2022 жылғы Азия чемпионатында командалық бәсеке бойынша қола жүлдені еншілеген. Сондай-ақ, ол семсерлесуден Олимпиада ойындарына қатысып жатқан тұңғыш қазақ қызы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу