Тунистің таэквондосын түлеткен Есбол Сұлтанов ұлттық құраманы жаттықтыратын болды

Қазақ бапкерінің Тунис құрамасымен келісімшарты былтыр аяқталған еді. 

Тунистің таэквондосын түлеткен Есбол Сұлтанов ұлттық құраманы жаттықтыратын болды Фото: Берик Султанов

Есбол Сұлтанов Париж олимпиадасында таэквондодан Тунис құрамасын жаттықтырып, ел қоржынына 1 алтын, 1 қола салған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Енді ол Қазақстан ұлттық құрамасын әлемдік жарыстарға дайындайды.

Есбол Сұлтанов Париж Олимпиадасынан кейін қазақтың қыз-жігіттерін жаттықтырғысы келетінін ашық айтқан-ды.

– Париж Олимпиадасынан кейін біздің бапкерлерді Халықаралық таэквондо федерациясы мойындады. Париждегі жетістіктен кейін маған Африканың бірнеше елінен хабарласып, жақсы бапкер ұсынуымды сұрады. Бұл Қазақстан үшін жақсы жарнама болды. Жақында біздің таэквондо федерациясы Астанада төрешілер семинарын өткізді. Болашақта Қазақстан таэквондосы бүкіл әлемге танымал болады деп сенемін. Менің Тунис федерациясымен келісімшартым аяқталды, бірақ олар жаңасын ұсынып отыр. Жақында маған Қазақстан таэквондо федерациясынан хабарласып, жаңа бас бапкер қызметіне менің кандидатурамды қарастыруға ниет білдірді. Осыдан бір-екі күн бұрын федерацияда үлкен жиын өтті. Сол жиында мен өз бағдарламамды ұсынды, – деген болатын ол.

Еске салайық, осыдан 2 ай уақыт бұрын "Тунистен Олимпиада чемпионын шығарған қазақ бапкері Қазақстанға оралуы мүмкін" деген тақырыпта мақала жариялаған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу