Түркістанның "Тұран" футбол клубы келесі маусымда Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді, деп жазады inbusiness.kz сайты 1bol.kz спорт порталына сілтеме жасап.
8 қазанда Бірінші лиганың 24-туры аясында Қарағандының "Шахтері" өз алаңында "Академия Оңтүстікті" 2:0 есебімен жеңді. Осы нәтижеден кейін шымкенттік клубтың турнир кестесінде "Тұраннан" озып шығу мүмкіндігі қалмады.
Қазір түркістандық команда 50 ұпаймен үшінші орында тұр. Маусымның аяқталуына үш тур қалғанда "Тұранның" бұдан төмен түспейтіні белгілі болды.
Турнир кестесінде екінші орында келе жатқан "Қайрат-Жастар" ҚПЛ-ға көтеріле алмайды. Өйткені Алматының негізгі командасы жоғары дивизионда өнер көрсетеді.
Осылайша, "Тұран" Бірінші лигадағы маусым аяқталмай жатып, ҚПЛ-ға жолдама алды. Ал "Шахтер" де жоғары дивизионға оралуға жақын. Қарағанды клубы қазіргі таңда Бірінші лиганың чемпионы атануға басты үміткер саналады.