"Тұран" командасының бас бапкері қызметінен кетті

1777

Сергей Когаймен бірге бас бапкердің көмекшісі ретінде қызмет еткен Шайзидин Кенжебаев та өз орнын босатты.

"Тұран" командасының бас бапкері қызметінен кетті

Сергей Когай осы маусымда өз орнын босатқан "Тұранның" екінші бапкері болды. Маусым басында команданың нашар нәтиже көрсетуіне байланысты ресейлік маман Владимир Газзаев клубтан кеткен еді. Когаймен бірге бас бапкердің көмекшісі ретінде қызмет еткен Шайзидин Кенжебаев та өз орнын босатты.

Дәл қазір "Тұран" турнир кестесінде 13-ші орында тұр. Келесі турда "Ордабасымен" өтетін ойынға команданы Қазақстан құрамасының экс-футболшысы, бұған дейін клубта физикалық дайындыққа жауапты болған маман Александр Кучма жаттықтырады.

Команданың бас бапкері қызметінен кеткенімен, "Тұран" бүгін жаңа ойыншымен толығып үлгерді. 31 жастағы бразилиялық шабуылшы Жо Сантоспен келісім-шартқа отырды. Ойыншы түркістандық команда сапында 12-ші нөмірмен өнер көрсетпек.

Жо Сантос өз елінде "Кампиненсе", "Витория", "Рио Прета" және "Сан Бернарду" командаларының намысын қорғады. 2012 жылдан бастап ол шетелде, атап айтсақ, португалиялық "Тондела", "Фреамунде", молдовалық "Зимбру", "Шериф", "Политехника", латвиялық "Вентспилс", румыниялық "Херманштадт", "Вииторул", бахрейндік "Аль-Риффа" клубтарында доп тепті. Соңғы жарты жыл бойы Сантос польшалық "Радомякта" ойнады (5 матч). Кәсіби мансабында бразилиялық футболшы 219 матч өткізіп, 31 гол мен 17 нәтижелі пастың авторы атанды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу