"Тұран" мен "Қайсар" тең түсті

1514

90 минут бойы гол соқпаған "Тұран" мен "Қайсар" командалары соңғы үш минутта екі гол соқты.

"Тұран" мен "Қайсар" тең түсті

"Тұран" командасы футболдан ел біріншілігінің үшінші туры аясында қызылордалық "Қайсармен" кездесті. "Түркістан Аренада" өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Қос команда 90 минут бойы қақпадан саңылау таба алмады. Ал 91-минутта "Тұран" клубының шабуылшысы Темірлан Әміров есеп ашты. Бірақ бұл жеңіс голы ретінде тіркелмеді. Себебі 93-минутта Арман Кеңесов шабуылды сәтті аяқтап, таразы басын теңестірді.

Түркістандық клуб бұл ойыннан кейін 2 ұпаймен тоғызыншы орынға көтерілді. Үш турда бір ұпай жинаған "Қайсар" он бірінші орынға жайғасты.

"Каспий" клубы Премьер-лиганың үшінші турында талдықорғандық "Жетісумен" кездесті. Ақтау қаласындағы "Жас Қанат" стадионында өткен матчта алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойынның 12-минутында "Каспий" клубының жартылай қорғаушысы Вайди Сали пенальтиден гол соқты. Ал 82-минутта Руслан Мингазов есепті еселеді. Осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген ақтаулық клуб 4 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады. Ал үш ұпайы шегерілген талдықорғандық клуб он екінші орында қала берді.

"Атырау" Қазақстан Премьер-лигасының үшінші туры аясында "Ақтөбе" клубын қабылдады. "Мұнайшы" стадионында өткен кездесу 1:3 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Ойындағы алғашқы голды 33-минутта "Атырау" футболшысы Рафаэль Оспанов соқты. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Максим Федин пенальтиді сәтті орындап, таразы басын теңестірді. 73-минутта "Атырау" қақпасына тағы бір пенальти белгіленді. Бұл жолы Эрвен Мукам мүлт кеткен жоқ. Ойынның нүктесін 82-минутта Рифат Нұрмұғамет қойды.

Үш матчта да жеңістің не екенін білмеген "Атырау" турнирлік кестеде ең соңғы орынға тұрақтады. Ал Алексей Бага шәкірттері 2 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу