Түрік лирасының құнсыздануы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

Сарапшылар бұл Канада, АҚШ, Чехияға оң әсер ететінін айтуда.   

Түрік лирасының құнсыздануы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

Түрік лирасы соңғы екі жылда құнсызданып, тек құлдыраумен келеді. Аталған ел үкіметінің ақша-қаржы саясаты нәтиже берер емес. Өткен аптаның соңында Түрия Президенті құқық қорғаушы Осман Каваланы босату туралы талап қойған 10 мемлекеттің елшісін елден қуу туралы тапсырма берді. 

Айта кетейік, Кавала соңғы төрт жылда 2013 жылы, кейін 2016 жылы көтеріліс ұйымдастырды деген желеумен қамауға алынған. Ердоғанның тапсырмасынан кейін жыл басынан бері 24%-ға құлдыраған лира, жуырда тағы 1,6%-ға құнсызданып, бір доллары 9,85 лираға теңесті. 

Еуропалық БАҚ мұны "психологиялық көрсеткішке жақындау" деп жарыса жазды.

Бұл жағдай Қазақстан экономикасына әсер ете ме? Іnbusiness.kz тілшісі зерттеп көрді. 

Көп ұзамай Түркия президенті"елшілерді қуу" туралы тапсырмасын жоққа шығарды. Бірақ лираның бірден құнсыздануына әсер еткен тек дипломаттарға қатысты жағдай емес, тағы бір мәселе – Орталық банк негізгі пайыздық мөлшерлемені бірден 200 базистік пунктке – 18%-дан 16%-ға төмендетті. Экономист Арман Бейсембаев та мұны растайды. 

"Лираның құлдырауы орталық банк пен түрік үкіметінің өзара ымырасыз саясатының нәтижесі. Түркияда инфляция күшті. Оны тежеу үшін пайыздық мөлшерлеме жоғары болуы керек. Бірақ бұл саяси көшбасшылар үшін тиімсіз, сондықтан орталық банк басшылары тұрақты шешім шығармай отыр. Ердоған өзіне тиімсіз басшыларды қуып жатыр", – дейді сарапшы. 

Оның айтуынша қазіргі жағдайда лираның құлдырауы жалғасады.

"Әзірге қандай да бір өзгерістердің белгілері жоқ. Бірақ жағдай кез келген сәтте нашарлауы мүмкін. Инфляция үдей түседі. Ал төмендеген пайыздық мөлшерлеме елдің экономикасын, яғни өндірісті тежеуі мүмкін. Оңтайлы инфляция деңгейі 10%-ға дейін болғаны жақсы. Сонымен бірге экспорттық артықшылыққа ие болу үшін девальвация бақыланатынуы тиіс. Девальвация тым жылдам болған кезде гиперинфляция басталуы мүмкін. Бұл Венесуэла ұстанатын жол", – дейді маман.

Сонымен қатар қаржы сарапшысы лираның құнсыздануы Қазақстан экономикасына кері әсер етуі мүмкін деген пікірде. 

"Түркия тауарлары қазақстандық тауарларға қарағанда арзан болып, Түркиядан импорт лек-легімен келе бастауы мүмкін. Түркия экономикасы Қазақстанға қарағанда әртараптандырылған, өндірісі жолға қойылған. Өндірістің жоғары деңгейде болуының арқасында ұлттық валютаның құнсыздануы жергілікті халыққа қатты әсер етпейді. Тауарлары бәсекеге қабілетті, біздегі ұқсас тауарлармен салыстырғанда арзан", – деді спикер. 

Алайда шетелдік сарапшылар лираның құлдырауы Түркияның өзіне қиындық тудырмайтынын айтуда. Мысалы, арзан бағаға тауар алып, өз елінде сата алады, курорттарда демалыс арзандайды. Кейбір сарапшылар жеміс арзандағанымен, туржолдамалар өзгеріссіз қалады деген пікір ұстанып отыр, өйткені олардың құны еуроға "байланған".

Сонымен қатар мұнай өндіруші мемлекеттерге лираның құнсыздануы бейтарап сипатта болатынын да ескертуде. Дайын тауар арзандап, шикізат импорты қымбаттайды. 

Ресейлік сарапшылар лираның құнсыздануы Түркиядан негізгі импорттаушылары: Канада, АҚШ, Қазақстан, Чехияға пайдалы деп жазуда. Көкөніс, тоқыма мен жеңіл өнеркәсіп бұйымдары, химиялық өнімдер арзандауы мүмкін. 

Айта кетейік, Bloomberg агенттігі бірнеше жыл қатарынан лираны әлемдегі "ең нашар" валюта деп атаған болатын. 

Құралай Құдайберген
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу