Түркістандық "Тұран" футбол клубы жекеменшікке беріледі

473

Жекешелендіру клубтың дамуына және өңірдегі футбол саласының өсуіне оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Түркістандық "Тұран" футбол клубы жекеменшікке беріледі Фото: kff.kz

Түркістан облысында кәсіби "Тұран" футбол клубын жекешелендіру аясында инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы арнайы іс-шаралар жоспары әзірленгенін және клубты бәсекелі ортаға беру процесін тиімді ұйымдастыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, келіссөздер жақын арада қорытындыланып, нақты инвестор анықталатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу