Тұтынушы құқығы: Шағым көп, ал нәтиже жоқ

Елімізде тұтынушылардың шағымдары 20%-ға артты, олардың дені бөлшек саудада және жеке қызмет көрсету саласында тіркелген.

Тұтынушы құқығы: Шағым көп, ал нәтиже жоқ Фото: gov.kz

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаевтың айтуынша, тұтынушылардың өтініштері жыл сайын 20%-ға артып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Уәкілетті органға 2020 жылы 21 мың өтініш келіп түскен болса, 2022 жылы тұтынушылардың арыз-шағымдарының саны 30,2 мыңға дейін өсті, басқа мемлекеттік органдарда түскен шағымдардың өсімі 11%-ды құрады. Салыстырар болсақ, 2021 жылы – 44,8 мың, 2022 жылы – 49,8 мың. Ұқсас жағдай тұтынушылар бірлестіктерде байқалады, бұл экономиканың жекелеген салаларында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі проблемаларды көрсетеді", - деді спикер.

Оның айтуынша, тұтынушылардың шағымдарының ең көп үлесі бойынша келесі салаларда байқалады: бөлшек сауда (48%, 14,3 мың қоңырау), жеке қызмет көрсету (19%, 4,7 мың қоңырау), электрондық коммерция (9%, 2,6 мың).

"Ал ең көп өсім қоғамдық тамақтану орындарында қызмет көрсету саласында – 2,8 есе, көлік және байланыс қызметтерінде – 2,5 есе, медициналық қызмет көрсету саласында – 2 есе сияқты салаларда байқалды", – деді вице-министр.

Алайда бұл фактілер тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы істің нақты жағдайын көрсетпейді, өйткені тұтынушылардың барлығы бұзылған құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдар мен қоғамдық тұтынушылар бірлестіктеріне жүгіне бермейді.

"Оның дәлелі тәуелсіз социологиялық зерттеудің нәтижесі болып табылады, онда азаматтар қызмет көрсетуге көңілі толмайтынын айтқан. Мәселен, оның медицина саласында үлесі – 39,3%, интернет-провайдерлер – 33,3%, қоғамдық көлік саласында – 30,7%. Осыған орай, азаматтардан түскен өтініштерді, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік мекемелерден түскен жауаптар мен ұсыныстарды талдау және мониторингілеу нәтижелерін және әлеуметтік зерттеулер көрсеткіштерін ескере отырып, министрлік бірінші кезекте жосықсыз кәсіпкерлікпен жұмыстың алдын алуға бағытталған заң жобаларын әзірледі. Халықаралық тәжірибе және барлық мүдделі тараптардың, атап айтқанда тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері мен бизнес-қауымдастықтардың пікірлері ескеріледі" , – деп түйіндеді Балықбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу