Сол арқылы "Реал Мадридтің" "Қайратқа" қысым жасауға тырысқаны белгілі болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта алаңдағы шөптің биіктігі – 25 миллиметр. "Реал" ойыншыларға ыңғайлы болу үшін "оны әлі де қысқарту керек" деп есептейді. Испаниялық БАҚ-тарда стадион сапасы жиі сөз болған, онда әртүрлі сыни пікірлер жазылғаны туралы дерек бар. Десе де, кейбір басылымдар мұндай шағым болғанын растамайды. Тіпті, "Қайрат" та ресми пікір берген жоқ.
Десе де, UEFA бұл өтінішті қабылдамаған. Себебі, газонның биіктігі 30 миллиметрден аспаса болды, ол алаң талапқа сай болып саналады. Осылайша, "Қайраттың" шешімі заңды деп танылып, "алғашқы жеңісіне" қол жеткізген.
Ескерте кетейік, стадиондағы шөптің ұзындығы доптың қозғалу жылдамдығына тікелей әсер етеді. Техникалық ойынға белсенді, жылдам пас алмасумен ойнайтын командалар үшін ең қолайлы биіктік – 20-22 миллиметр.
Бүгін Алматы әкімдігі тарихи матч алдында мәлімдеме жасағанын хабарладық.