Үкімет суармалы жерлерді дамытуға шетелден қарызға ақша алмақшы

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
12015

Депутаттар үкіметтің былтырғы жылдың  бюджеті  бойынша есебін қабылдады.

Үкімет суармалы жерлерді дамытуға шетелден қарызға ақша алмақшы

Осы ретте, премьер-министр  үкіметтің ішкі қарыз алу көлемі жағдайы "шарықтау шегіне" жетіп тұрғанын айтты.

"Ең маңызды міндеттердің бірі- бұл суармалы жерлер санын арттыру. Қазақстанда жер көп, ал суармалы жерлер жеткіліксіз... Біз бұл мәселені ішкі институттар қарызы сияқты шешеміз, күні кеше мен  Еуразиялық қайта құру және даму банкімен кездесу өткіздім, олар бұл мәселені дамытуда, сонымен бірге, бюджеттік мүмкіндіктермен, МЖС -ны кеңейтуге қолдау білдірді",- деді үкімет басшысы кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жиналыста.

Осы ретте, Мәсімов мырза қажетті соманы және суармалы жер көлемін айтпады, тек қана 2016 жылға бюджетті қайта дайындау және нақтылау барысында 2017-2019 жылдарда бюджетті дайындауда ең маңызды мәселенің бірі суармалы жер көлемін арттыру болатындығын атап өтті. 

"Ауыл шаруашылығы – бұл біздің алға жылжуымызды ынталандырудың бірі деп ойлаймын",- деді ол.

Алайда, депутаттар тіпті ағымдағы үкіметтің ішкі қарызының өсу қарқынына наразылықтарын білдірді. Соның ішінде, ҚР мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев Қазақстан қарызға батады деп есептейді.

"Есеп беру жылында заңмен бекітілген үкіметтік қарыз 465 млрд. теңгеге асып кеткен. Бұл бюджеттік қаржының бос қалуының  өсуіне әкелді, ол 264 млрд.теңгені құрайды. Мұндай жағдай тәуелсіз Қазақстан тарихында болмаған жағдай. 2015 жылы бюджет тапшылығын жабуға ішкі қарыз 1,1 трлн. теңгеден артық сома жіберілген, ал бұл 2013 жылмен салыстырғанда тоғыз есе артық",- деді ол.

"Есептен көріп  отырғандай, республикалық бюджет шығынының 16% біз ішкі қарыз есебінен іске асырамыз. Қаржы бойынша өмір сүрудің орнына біз қарызға кірудеміз. Осы жылдың өзіне 2 млрд. АҚШ доллары республикалық бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған. Айтыңызшы, үкімет бұл мәселені өзгертуге ниет білдіруде ма? Егер өзгертетін болса, онда қалай өзгертпек?",- деп Өксікбаев мырза үкімет басшысына сауал қойды.

Премьер –министр аталған мәселе бойынша үкімет қаржы бойынша өмір сүру мүмкіндігі және тұрақты даму, соның ішінде ішкі қарыз есебі бойынша  баланс табуға тырысатынын айтты

"Осындай Бүкіләлемдік банк, Еуразиялық қайта құру және даму банкі сияқты халықаралық институттармен және басқалармен ынтымақтастық  біздің экономикамызға тек инвестициялауды ғана емес, сонымен қатар, елдің бәсекегеқабілеттілігін арттыру үшін құрылымдық реформаларды жүргізуге көмектеседі. Алайда, мен сізбен келісемін,  әсіресе,теңгенің бағамы түзелгеннен кейін біздің АҚШ долларындағы ішкі қарыздарымыз, өзінің шарықтау шегіне жетіп келе жатқан сияқты, сондықтан біз қазір өз ішімізде президенттің тапсырмасы бойынша экономикалық саясат жөніндегі кеңесте бірқатар мәселелерді, атап айтсақ, ішкі алыс-беріс, Ұлттық қор қаражатын пайдалану, Бірыңғай жинауқтаушы зейнетақы қорын басқару және қолдану және бұл мәселелерге қосымша міндетті медициналық сақтандыру мен банктік секторды реформалауға байланысты мәселелерді қарастырамыз", - деді Кәрім Мәсімов

Оның айтуынша, үкімет қыркүйек айында парламентке 2016 жылға арналған бюджетті бекітуге және заңнамаға  бірқатар түзетулер жасауға келеді. 

ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Екатерина Никитинская үкімет басшысынан Ұлттық қордың қаражаты қанша мерзімге жететіндігін сұрады.

 "Егер 2011 жылы трансферттер кірістің 29,8% -ын құраса, ал 2015 жылға олардың меншікті салмағы 43% -ды құрап, 13%-ға өскен. Аталған жағымсыз тәжірбиені өзгерту үшін үкімет қандай шараларды жоспарлауда? Ұлттық қордың бар қаражатын жұмсап қоймаймыз ба және  ағымдағы бюджет тапшылығын қаржыландыру шығын деңгейінде Ұлттық қордың жинағы қанша мерзімге жетеді?",- деді депутат.

 "Есеп комитетінің қорытындысында соңғы бес жылда республикалық бюджет кірісі құрылымында  Ұлттық қордан және төменгі тұрған бюджеттен трансфереттермен салықтық түсілімдер ауысуының тенденциясы байқалады",- деп атап көрсетті Никитинская.

Бұған Кәрім Мәсімов аталған мәселе шынайы болып табылатындығын атап кетті

"Ол біздің ішкі аудиторлар сияқты халықаралық қаржылық қауымдастықта ,сонымен қатар елдің ішінде де туындайды. Біз ,оларды, мен сіздерге айтқан мәселелермен бірге түсінеміз, яғни, бюджеттік саланың, салық саласының  реформалануы, осы жүйеде, сонымен қатар, Ұлттық банк жұмысының тиімділігімен байланысты мемлекеттік қаржыны тиімдірек қолдануда болады",- деді ол.

Оның айтуынша, аталған мәселе үкіметпен жаз бойы талқыланып және мемлекет басшысының қарауына жіберіледі. "Біз бұл ресурстарды қалай және неге  қолданатынымыз, анық және нақты түсінікті болу үшін күзде сіздерге бюджетпен бірге келеміз. Сонымен бірге сіздердің жауаптарыңыз бен ақылдарыңызды алғымыз келеді, себебі мемлекеттің жоғары үлес күші үшін мемлекеттік кірісті қысқарту- бұл біздің экономикамызда іскерлік белсенділіктің дамуына және экономиканың өсу қарқынының артуына бірден әсер етеді. Бұл мәселе өте күрделі,ойластырылған кешенді амалды және парламент депутаттарымен кеңесті талап етеді",- деді премьер-министр.  

Тұрғын үй, қолма-қол беру немесе қауіпсіздік?

Үкімет басшысы басқа маңызды мәселе ретінде "Нұрлы жол" бағдарламасының кейбір баптарын қарастыру есебінен жеке тұрғын үй құрылысы үшін инфрақұрылымдар құрылысын қаржыландыру деп есептейді

"Экономиканың өсуі үшін ынталандырудың бірі- тұрғын үй құрылысын одан әрі арттыру. Бұл бағдарламадағы жаңа бағыттардың бірі әкімдіктер арқылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін инфрақұрылымдарды енгізу. Біз, сіздермен жақсы білеміз, қазіргі уақытта жер мәселесі төңірегінде көптеген пікірталастар бар. Біз 10 сотық жерді беру туралы мәселе бұл жағдайды шешуде оң толықтыруларын енгізеді , сондықтан ресурстардың жартысы жеке тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымын дамытуға бағытталады",-деді ол.

Сонымен қоса, Кәрім Мәсімов тәжірбие көрсеткендей, қазақстандықтар үшін бұдан да маңызды тақырыптар бар екенін атап кетті.

"Ақтөбе облысына барған сапарымда, мен үшін ең бастысы, халықтың бірінші орынға қаупсіздікті қоятыны болды. Егер бұрын тұрғын үй тарифі, электр энергиясы тарифі мәселесін көтеретін болса, ал қазір бірінші орында ел ішіндегі қауіпсіздік мәселесі тұратын болды",- деді премьер-министр.

 Ол мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша арнайы жұмыс тобы құрылғандығын айтып кетті.

 "Біз алдағы болашаққа Қазақстанның азаматтары өздерінің өмірі мемлекетпен қорғалатынына сенімді болу үшін  біздің арнайы құқық қорғау органдарының мүмкіндіктерін толықтыру үшін заңнамалық және кейбір ресурстық өзгертулермен енеміз",-деді премьер-министр.

 ҚР парламент мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов ақшаны қолма- қол беруде   кәсіпкерлер үшін 10 млн. теңге шегін бекітуді ұсынды. 

"Келесі ұсыныстарды іске асыру қажет деп есептеймін. Бірінші, екінші деңгейлі банктермен жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға қолма- қол ақшаны 10 млн. теңгеге дейін немесе осыған сәйкес валютада беруге шектеу қою керек, аталған шектеуді орындамағаны үшін  айыппұл  түрінде ЕДБ әкімшілік шара қолдану құқығын Ұлттық банкке беру керек",- дейді.

Ол ,сонымен бірге, мемлекеттік кіріс комитеті сыртынан қаржы министрлігіне жалған кәсіпкерлік қызметті іске асыру қаупі бар компаниялар тізімін қалыптастыру құқығын бекіту керектігін ұсынды.

"Мемлекеттік және мемлекетсыңайлы секторларда тауарларды және қызметті сатып алу барысында 1 млрд. теңгеден артық сомаға банктік арнайы шоттардағы есептеу мониторингін енгізу керек ",- деді Жамалов мырза. 

Оның айтуынша, салықтық әкімшілдендірудің тиімсіздігі бюджет кірісін жоғалтуға әкеледі. Осылайша, анықталған және 2015 жылы аударылған 598,6 млрд. теңгеден 34,4 млрд. теңге немесе 5,8% ғана өндірілген. Камеральдық бақылаумен ҚҚС бойынша 860,4 млрд. теңге сомасына анықталған тәртіп бұзушылықтан қазынаға тек 81,3 млрд. теңге немесе 9,5% ғана түскен.

Мемлекеттік кіріс комитетінің мәліметі бойынша 2015 жылғы қозғалған қылмыстық іс фактілері бойынша кәсіпкерлікке 300 млрд. теңгеге берілген, ал 2011 жылдың шілде айынан 2014 жылға дейін 1 трлн.270 млрд. теңгеден артық берілген. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық  банкінің мәліметі бойынша ЕДБ-мен тауарларды төлеуге, кәсіпкерлік субъектілерімен орындалған жұмыстар және қызметке жылына 1,5 трлн. көлемінде ақша берілген.

Қызу талқылау нәтижесінде парламент, дегенмен, 2015 жылға республикалық бюджетті орындау туралы үкіметтің және  есеп комитетінің  есебін бекітті. 

Жанболат Мамышев

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу