Белгілі футболшы Ұлан Қонысбаев "Тараз" футбол клубының спорттық директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Ұлан Әбиірбекұлы 1989 жылы 28 мамырда дүниеге келген. Спорттық мансабын 2006 жылы "Жамбыл" командасында бастаған.
Әр жылдары "Тараз", "Астана", "Шахтер", "Қайрат", "Атырау", "Ақтөбе" секілді клубтарда ойнаған. Ұлттық құрама сапында 32 ойын өткізіп, 3 рет мергендігімен көзге түскен.
2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның "Үздік ойыншысы" атанған. Ел чемпионы, кубок және суперкубок иегері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу