Бұл туралы базалық мөлшерлеме туралы ҚР ҰБ Төрағасы Ғалымжан Пірматовтың мәлімдемесінде жазылған.
Оның айтуынша, сәуір айында өткізген ғылыми-практикалық конференцияда зерттеу жұмыстарының нәтижелері ұсынылды. Әртүрлі тәсілдер мен халықаралық тәжірибеге шолуды пайдалана отырып жасалған жан-жақты талдау келесіні көрсеткен:
- таргеттің нүктелік форматы коммуникация және инфляциялық күтулерді тұрақтандыру тұрғысынан қолайлы саналады;
- біздің экономикамыз үшін инфляция бойынша оңтайлы таргет 4%-дан жоғары болып 7%-дан аспайды. Көптеген бағалаулар инфляцияның 5%-дағы таргетінің оңтайлылығын көрсетуде.
"Осыған байланысты Ұлттық Банк келесідей шешім қабылдады: Біріншіден, 2023 жылдан бастап интервалдық мәндерді нүктелік форматқа ауыстыра отырып, инфляция бойынша бұрын мәлімделген таргетті нақтылау", – деп атап өтті Ғалымжан Пірматов.
Бұл орталық банк саясатының мақсаттарына қатысты айқындылық пен ашықтықты қамтамасыз етеді және ақша-кредит саясатының нақты мақсатқа жету міндеттемесін анық көрсетеді.
"Екіншіден, орта мерзімді перспективада инфляция бойынша мақсат – жылдық инфляцияны 5%-ға жуық деңгейде ұстап тұруды белгілеу. Таңдалған таргет мақсатты қалыптастырудағы реттілік пен үздіксіздікті қамтамасыз етіп, инфляцияны және күтулерді 5%-ға жуық бекітуге ықпал етеді. Таргетке қол жеткізу жүргізіліп отырған саясаттың тиімділігін арттырады және ұзақмерзімді келешекте инвестицияларға және экономиканың өсуіне неғұрлым тұрақты орта қалыптастырады", – деді Ұлттық Банк төрағасы.