Дмитрий Шомко батыс-қазақстандық ұжымда қала бермек. 2021 жылдан бері Шомко "Ақтөбе" сапында 36 ойын өткізіп, 3 голдық пас берген болатын. "Қызыл-ақтар" сапына қаптал қорғаушысы "Ротордан" келді. Онда ол, небәрі 4 кездесу өткізді. Оған дейін, Шомко "Ертіс" пен "Астана" жейдесінде өнер көрсеткен болатын. Екібастұздың 32-жастағы тумасы Қазақстан ұлттық құрамасындағы дебютын 2011 жылы өткізді.
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай Юрий Перцух "Шахтер" сапына келіп қосылыпты. 26-жастағы ойыншы соңғы рет "Астана" сапында доп тепкен болатын. Перцух өткен маусымда елордалық клуб үшін жалпы алғанда 17 ойын өткізіп, 3 голдық пас берді. Бұған дейін, футболшы "Ақжайық", "Атырау" және "Ақтөбе" қатарында өнер көрсетті. Еске салайық, "Шахтер" ҚПЛ өткен маусымын жетінші орынмен аяқтаған болатын.
Тодор Петрович енді "Атырау" ойыншысы емес. Сербиялықтың жаңа клубының аты - "Конг Ан". Бұл ұжым Вьетнамның екінші лигасын жеңіп алған. Осы маусымда олар жоғарғы дивизионда өнер көрсетеді. Өткен маусымда Тодор "мұнайшылар" үшін жалпы алғанда 25 матч өткізіп, 2 гол салған болатын. Петрович өз мансабында "Раднички", "Вождовац", "Сопот", "Земун" ФК өнер көрсетті. Трансфермаркет ойыншыны 225 мың еуроға бағалауда.
Нұрлан Дайыров "Мақтаарал" сапында өнер көрсететін болады. Қорғаушы бұған дейін "Тараздың" намысын қорғап келген болатын. Онда ол, өткен маусым қорытындысы бойынша 23 ойын өткізді. Дайыров мансабын "Оқжетпес" пен "Қайрат" ФК бірінде жалғастырғысы келген. Алайда, тараптар жүргізілген келісім барысында бір мәмілеге келе алмаған. Тағы бір айта кететіні, "Мақтаарал" қырғыз Одилжон Абдурахмановтың келісімшартын ұзартты. Футболшы өткен маусымда ҚПЛ аясында 8 ойын өткізді.