Ұлттық ұланда психологиялық тестілеуді цифрландырған E-Nazar жүйесі енгізілуде

101

Психологиялық тестілеу нәтижелерін өңдеу уақыты 15 минутқа дейін қысқарды.  

Ұлттық ұланда психологиялық тестілеуді цифрландырған E-Nazar жүйесі енгізілуде Фото: ҚР Ұлттық ұланы телеграм

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланында әскери қызметшілердің психологиялық сүйемелдеуін автоматтандыруға арналған E-Nazar цифрлық жүйесі енгізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа жүйенің арқасында психологиялық тестілеу нәтижелерін өңдеу уақыты 2 сағаттан 10–15 минутқа дейін қысқарды. Қағаз құжат айналымының көлемі 80%-ға азайып, мамандардың жалпы жұмыс уақыты шамамен 2000 сағатқа үнемделген.

E-Nazar жүйесі тестілеуді өткізу, нәтижелерді автоматты өңдеу және аналитикалық деректер қалыптастыру үдерістерін бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді. Оған мерзімді қызметтегі сарбаздар, келісімшарт әскери қызметшілер және офицерлер қатыса алады.

Жүйенің басты артықшылықтарының бірі – дербес деректердің жоғары деңгейде қорғалуы және ақпаратты өңдеудің жеделдігі.

Айта кетейік, жүйені Ұлттық ұланның әскери қызметшілері – ефрейтор Ким Хён У мен қатардағы Берікжан Бектұрсынов әзірлеген. Жоба патенттеліп, оның жаңалығы мен практикалық маңызы расталды.

Цифрлық жүйе елордалық 5573 әскери бөлімінде сынақтан сәтті өтіп, тиімділігі дәлелденді. Қазіргі таңда жоба Ұлттық ұланның барлық бөлімшелерінде енгізуге дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу