Ұшқыштар төбелесі: Flydubai жолаушылары қалай әуе апатының алдын алды

346

Желіде Дубайдан Тель-Авивке ұшқан Flydubai бортынан түсірілген кадрлар пайда болды. 

Ұшқыштар төбелесі: Flydubai жолаушылары қалай  әуе апатының алдын алды Фото: skynews

Жолаушылар ұшақта не болғанын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

DW агенттігінің хабарлауынша, бейнекадрда жолаушылардың бірі борттағылар шабуыл жасаған адамды ұстағанын және ұшақтың қонуға дайындалып жатқанын хабарлады.

"Біз қазір ұшақтамыз. Лаңкестердің көзін жойдық. Міне, қонғалы жатырмыз. Мені естіп тұрғанның бәрінен көмек сұраймын", – деді ер адам.

Тағы бір жолаушы ұшақтың кенеттен төмендеп, кейін қайтадан биікке көтерілгенін айтты. Бұл сәтте борт ішінде болғандар не болып жатқанын түсінбеген. Оның сөзінше, жолаушылар есеңгіреп, бортсеріктер салон ішінде жүгіріп, ұшақ қатты шайқалған. Жолаушылар теракт болуы мүмкін деп ойламаған. Дубайдан Тель-Авивке бет алған ұшақты Оман мен БАӘ ұшқыштары басқарған.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ұшқыштардың бірі екіншісін пышақтап, ұшақты шұғыл төмендету арқылы апатқа ұшыратпақ болғанын мәлімдеді.

Белгілі болғандай, ұшқыштар кабинетіндегі төбелесті бортта болған жолаушылар мен қосалқы экипаж ұшқыштары тоқтатқан. Нетаньяху оларды нағыз батырлар деп атап, көптеген адамның өмірін аман алып қалғанын және ірі апаттың алдын алғанын мәлімдеді.

Ұшақ Сауд Арабиясына қонды. Бортта болған 180 адамның барлығы дін аман.

Айта кету керек, бұған дейін Дубайдан Израильге бет алған ұшақтың ұшқыштары төбелесіп қалғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу