Вакциналар неліктен Covid-19-ды жоя алмауы мүмкін

7861

Тіпті тиімділігі өте жоғары екпелердің өзі пандемиямен күресте жеңіске жететініне күмән бар.

Вакциналар неліктен Covid-19-ды жоя алмауы мүмкін

Covid-19-ды жоюға апаратын жол ұзақ әрі сенімсіздікке толы. Қазір көптеген елдер өз тұрғындарында жеткілікті иммунитет қалыптастыру үшін вакциналарға үміт артып отыр. Тіпті тиімділігі жоғары екпелердің өзі халықты "табындық иммунитет" деңгейіне дейін иммундай алмауы мүмкін. Себебі, біріншіден, бұл мақсатқа жету үшін иммунитеттің қандай деңгейі қажет екендігі белгісіз. Сонымен қатар, жаппай иммундаудың тиімділігін әлсірететін коронавирустың жаңа варианттары шыға ма деген қауіп туындап отыр.

Covid-19 жойылуы мүмкін бе?

Бұл сауалға зерттеушлер "жоқ" деп жауап беріп отыр. Әзірге адамның бір ғана ауруы - аусыл ресми түрде жойылды. Оны құртқан - өте тиімді вакцина. Дегенмен, адамдар полиовирус үшін жалғыз су қоймасына айналып, одан әлі құтыла алмай келеді. Бұл инфекцияға қарсы бірқатар елдерде иммундау науқаны жүргізілді және оны жоюға 32 жыл бойы ғаламдық күш-жігер жұсалды. Бірақ, полиовирус әлі де сал ауруын туындатып келеді. Ал, коронавирус табиғатта жылқы кейіпті жарқанаттарда сақталып, күзендерге, мысықтарға, гориллаларға және басқа да жануарларға жұғады деген болжам бар. Демек, "ковидті" жою үшін осындай індет қабылдағыш түрлерді түгел қыру қажет болады. Бірақ, бұл - мүмкін емес шаруа.

Жою деген не?

Жою –эпидемияға қарсы іс-қимылдардың нәтижесінде вирус жұқтыру оқиғаларын белгілі бір ауданда және кезеңде нөлдік дәрежеге дейін азайтуды білдіреді. Бұл шаруаға қанша уақыт керек? Ресми анықтама жоқ. Кейбір елдер, мысалы Жаңа Зеландия, айлар бойы шекараны жабу, құлыптау және жұқтыру оқиғаларын мұқият іздеу, науқастарды дереу оқшаулау арқылы нөлдік жағдайға қол жеткізді. Пандемия кезінде барлық континенттерде инфекция өршитіндіктен, бүкіл ел бойынша кез-келген жұқпалы ауруды жою қиын, тіпті мүмкін емес, өйткені вирус жұқтырған халықаралық саяхатшылар елге қайтадан еніп жатады.

Вакциналар Covid-19-ды жоя ала ма?

Айту қиын. Коронавирустың таралуын тоқтату үшін халықтың қандай үлесінде иммунитет болуы керек және қауіпті дертке ең күшті вакциналар тосқауыл қоя ала ма? Бұл сауалдарға тұщымды жауап әзірге жоқ. Кейбір зерттеулерге қарағанда, инфекциядан емделу мен вакциналау арқасында халықтың 55% -дан 82% -ға дейінгі бөлігі иммунитетке ие болуы керек. Алайда, Бразилияның Амазонас штатының астанасы Манауста ұжымдық иммунитетке тұрғындардың 76%-ы "ковид"жұқтырғаннан кейін де қол жеткізілген жоқ. Дегенмен, жаппай егулер пайдалы дегенге негіз бар, өйткені вакциналар адам организмінде күшті және берік қорғаныс қалыптастыруы мүмкін

Вакциналар қаншалықты тиімді?

Pfizer-BioNTech және Moderna компанияларының екпелері 95% -ға тиімді екеніне дәлелдер бар. Алайда, олардың симптомсыз инфекциялардың дамуы мен вирустың басқаларға тарауына жол бермеу қабілеті туралы деректер жарияланған жоқ. Вакцинологиядағы алтын стандарт - иммунитет қалыптастыра отырып, инфекцияны және ауруды тоқтату. Бірақ бұған әрдайым қол жеткізу қиын. Мысалы, қызылшаға қарсы вакцинацияланған адамдар вирус жұқтырмайды, ал көкжөтел екпесі үлкен аурудан жақсы қорғағанымен, инфекцияны тоқтатуда біршама тиімсіздеу. Маймылдарға сыналған Moderna вакцинасы вирустың әрі қарай таралуын азайтып, оның алдын алады деген үміт бар.

AstraZeneca Plc вакцинасына жүргізілген клиникалық сынақтар оның тиімділігі 60% -дан төмен екендігін көрсетіп берді. Және де бұл препараттың қоғамды ұжымдық иммунитетке жеткізуі екіталай.

Covid-19 вирусымен күресте тағы не маңызды?

Вакциналар қоғам денсаулығына пайда әкелуі үшін мінсіз болуға міндетті емес. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының жетекшісі Майк Райан қаңтардың 25-де журналистерге мәлімдегендей, екпелердің күшімен "коронавиурстың адамдарды өлтіру, ауруханаларға жатқызу, экономикалық және әлеуметтік өмірімізді күйрету қабілетін жоюға" көбірек мән берілген жөн.

Егер Covid-19 жойылмаса ше?

ДДСҰ-ның Инфекциялық қауіп-қатерге қарсы стратегиялық және техникалық кеңес беру тобының төрағасы Дэвид Хейманн 2020 жылдың соңында мәлімдегендей, коронавирус пандемиясы эндемикке айналуы мүмкін. Эндемиялық вирустар қоғамда үздіксіз тіршілік етіп, көбінесе адамның аурулары мен мінез-құлқына байланысты белгілі бір аудандарда мезгіл-мезгіл өршіп тұруы ғажап емес. Сондай инфекциялардың қатарында, әсіресе, қыста адамдарды тұмаураттыратын, круиздік лайнерлерде жолаушыларды гастроэнтеритке ұшырататын вирустар бар.

Қандай салдары болуы мүмкін?

Оқиға әрі қарай қалай өрбуі мүмкін? Ғалымдар түрлі сценарийлерді алға тартып отыр. Солардың біріне қарағанда, коронавирус жұқтырып, оған қарсы вакцина салдырған адамдар біраз уақыт бойы бұл ауруға шалдықпауы мүмкін. Дегенмен, ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, вирус иммунитеті жоқ адамдарды әрі қарай да таба бермек. Өзге бір ғалымдардың ойынша, коронавирус бірте-бірте тұмаудан да қауіпсіз ауруға айналып кетуі ықтимал.

Арыс Әділбекұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу