Зейнетақы шегінің көтерілуі ипотекаға сұранысты азайтпады

229

Ипотекалық өтінімдер бойынша бас тарту көрсеткіші өзгеріссіз қалды. 

Зейнетақы шегінің көтерілуі ипотекаға сұранысты азайтпады Фото: freepik

Зейнетақы жинағын пайдалану шегінің көтерілуі ипотекалық сұранысқа әсер етпеді. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінің өсуі "Отбасы банктегі" салымдардың түсіміне айтарлықтай әсер еткен жоқ. Өткен жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 20 пайыздан асты, ал жыл басынан бері 800 млрд теңге түсті. Зейнетақы жинақтарының дені тұрғын үй құрылыс жинақ депозиттерінде пайдаланылды. Сондықтан шілде-тамыз айларында өтінімдер санының артқанын байқап отырмыз. Мұны біз "1 қыркүйек әсері" деп атаймыз. Бұл – жылдар бойы балаларына ақша жинаған адамдар. Бұл салымшылардың бәрі жинақты 50 де 50 қағидаты бойынша жинаған", – деді Ләззат Ибрагимова.

Оның сөзінше, жеткіліктілік шегінің өсуіне байланысты ешқандай өзгеріс байқалып отырған жоқ.

"Отбасы банк" басшысы ипотекаға берілетін өтінімдер бойынша бас тарту жағдайларына да тоқталды.  

"Бас тарту саны бұрынғы деңгейде қалды. Өтінімдерді мақұлдау немесе қабылдамау туралы шешімді скорингтік жүйе автоматты түрде шығарады. Ол негізінен клиенттің бұрынғы несие тарихын, оның ішінде қарызы мен төлем мерзімін кешіктірген жағдайларын ескереді", – деп жауап берді "Отбасы банк" басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу