Жамбыл облысында мал азығы ұнын өндіретін зауыт іске қосылады

123

Аймақта ірі және ұсақ малға арналған мал азығы ұнын өндіру бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.  

Жамбыл облысында мал азығы ұнын өндіретін зауыт іске қосылады Фото: eldala.kz

Шикізат ретінде бидай, арпа және жүгері пайдаланылатын болады, деп жазады іnbusiness.kz сайты Ауылшаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа зауыттың жобалық қуаты – жылына 120 000 тонна дайын өнім. Бұл өңірдегі сапалы мал азығы өндірісінің көлемін айтарлықтай арттырып, құрамажем импортына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Жобаның құны – 980 миллион теңге. Өндірістік желіні пайдалануға беру 2026 жылдың наурызына жоспарланып отыр. Кәсіпорынның іске қосылуы мал шаруашылығының дамуына оң әсер етіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешенінің өндірістік әлеуетін нығайтады деп күтіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу