Жамбылдықтар жібек құртын өсіру арқылы жібек матасын өндірмек

1713

Жамбыл облысынан бастау алған "Ауыл аманаты" жобасы кәсіп бастап, табысын арттырып, тұрмысын жақсартуға ниетті азаматтарға мол мүмкіндіктер сыйлауда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жамбылдықтар жібек құртын өсіру арқылы жібек матасын өндірмек Фото: canva.com

Бүгінгі таңда ел деңгейінде жүзеге асып жатқан жарқын жоба аясында Жамбыл облысында тұт ағашын егу арқылы жібек құртын өсіріп, жібек мата өндіру қолға алынбақ. 

Жуырда "Ауыл аманаты" жобасы аясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қолдауымен "Жер-Ана" ауыл фермерлері" корпоративтік қоры Тараз қаласындағы "Анаға тағзым" орталығында "Тұт ағашын өсіру арқылы жібек құртын өндіру" тақырыбындағы бизнес-жобасының презентациясын жасады.

Жобаның таныстырылымына фермер-әйелдер, іскер әйелдер, ғалым, қолөнер шеберлері, қоғам белсенділері қатысты.

"Жер-Ана" ауыл фермерлері" корпоративтік қорының төрағасы Роза Мұсабаеваның айтуынша, пилоттық жоба Жамбыл облысының Байзақ ауданында жүзеге асырылады. Жоба аясында 500 әйелді жұмыспен қамту жоспарланып отыр. 

"Бүгінде барлық ауданда "Жер-Ана" ауыл фермерлері" корпоративтік қорының мүшелері жұмыс істейді. Бұл бастама алдағы уақытта барлық аудандарда қолдау тауып, мыңдаған ауылдағы отбасыларға жұмыс орны табылатын болады. Алдағы уақытта да ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға үлесімізді қосамыз. Табиғи жібек талшықтарынан тоқылған маталарды адамдар ерте замандарда-ақ жоғары бағалаған. Қытайдан шығарылатын жібек маталар Ұлы Жібек жолы арқылы дүние жүзінің басқа аймақтарына таралып, саудагерлерге мол табыс әкелген. Жібек құртын өндіру Қытай, Жапония, Үндістан елдерінде тиімді болғандықтан біз де қызығушылық танытып отырмыз", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу