Жамбылда Грейг қызғалдағы 5 жыл бұрынғыға қарағанда сиреп барады

1799

Бүгінде Жамбыл өңірінде Қызыл кітапқа енген – Грейг қызғалдағы 5 жыл бұрынғыға қарағанда сирек гүлдейтін болған.

Жамбылда Грейг қызғалдағы 5 жыл бұрынғыға қарағанда сиреп барады Фото: inbusiness.kz

Мұның себебін мамандар гүл өсетін аумақтардың қорғалмайтындығымен байланыстырады.

"Қазір ауыл аймақтарда төрт түліктің саны көбейді. Соған байланысты жайылым нормалары да сақталмай отыр. Бір өкініштісі жайылымдарды басқару жоспарында қызғалдақтарды сақтау қарастырылмаған. Яғни Қызыл кітапқа енген өсімдіктер өсетін аймақтарда гүлдену кезеңінде мал жаюға тыйым салынбаған", - дейді "Жабағылы-Манас" тау клубы" қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Рауф Сәбитов.

Қызғалдақтар гүлдейтін кезеңде аталған қоғамдық бірлестік фотографтар үшін арнайы экспедиция ұйымдастырған екен. Сол кезде гүл патшасы атанған Грейг қызғалдағының тым сиреп қалғанын байқапты.

"Біз Қызыл кітапқа енген Грейг қызғалдағына фотосессия жасадық. Гүл патшасы әр жерде селдіреп шығыпты. Бес жыл бұрынғы гүлдену кезеңімен салыстыруға келмейді. Қазір ауыл іргесіндегі жайылымдар тарлық еткен соң тау бөктеріне дейін мал жаятын болған. Сонымен қатар гүл өсетін жерлер көктем-күзде жыртылып, егін егіледі", - деп түсіндірді жоба үйлестірушісі.

Қаратау жотасының төменгі етегінде өте нәзік Кауфман қызғалдағы өседі. Оны қызғалдақтар арасындағы ханзада деп те атайды. 

Айта кету керек, флорасы мен фаунасы өте бай Қаратау тау сілемдерін сирек кездесетін құстар мен жануарлар мекен етеді. Сондай-ақ жоғалып кету қауі төнген өсімдік түрлері де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу