Жаңа астық бидайының бағасы қашан белгілі болады?

Диана Слинькова Диана Слинькова
8568

Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер жаңа астық бидайының бағасын дәл қазіргі уақытта білгісі келеді, бірақ "Продкорпорация" жауап бермей отыр. 

Жаңа астық бидайының бағасы қашан белгілі болады?

Жақсы нәрсеге үміттеніп, қиындыққа дайын болуымыз керек. ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғановтың жиын-терім жұмыстарына дайындық туралы айтқанын жобамен осылайша болжауға болады.

Бұл биылғы піскен астықтың жақсы екенін білдіреді, алайда соңғы екі жылда жаңбыр салдарынан егіннің дұрыс жиналмауы сияқты тәжірбиені ескере отырып, ауа-райының қандай да болмасын "тосын сыйына" дайын болу керек дегенді білдіреді.

Солярка қорын жасау
Осыған байланысты егін жинау уақытына қажет дизельдік отын көлемінен басқа қосымша дизельдік отын көлемі қорын сақтап қою керектігі бірінші орынға қойылды.

"Егін жинау жұмыстарына республика бойынша 392 мың тонна отын бөлінген. 1-тамыз күні қосымша дизельдік отын бойынша мәліметтерге сұраныс жасадық. Былтырғы жылғы күздегі болған жағдайды ескере отырып, резервтен қосымша 61 мың тонна дизельдік отынға сұраныс жасалды. Осы ретте, арзандатылған отын бағасы мен нарықтық баға арасындағы айырмашылық  15-17%-ды құрайды",- деді Қайрат Айтуғанов Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерімен кездесуде.

Оның айтуынша, осы жылғы жазда ауа-райы жағдайының жалпы жаман болмағанына қарамастан, жаңбыр өз әсерін тигізіп үлгерген.

"Биылғы жылы егін жақсы пісті, бірақ маусым-шілде айларында болған жаңбыр салдарынан СҚО-ның бір қатар аудандарында, әсіресе, солтүстік бөліктерде жауын-шашын мөлшері нормадан  екі-үш есе артық түскен. Бұл өсу мерзіміне әсер етіп, осыдан екі апта бұрын егіннің пісуі 7-10 күнге артта қалған еді. Енді ыстық басталды, синоптиктердің болжауы бойынша, тамыз жылы болуы керек"

Осы уақытта СҚО арпа мен сұлыны жинауға кірісіп те кеткен, ал күздік дақылдар жартылай жиналған. Өңірдегі жалпы егінді жинау 20-25 тамыз күні басталады.

Ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Қайрат Омаровтың айтуынша, ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер  сапалы егінді алу үшін көктем және жаз айларында жақсы жұмыс істеген. Сәуір айының ортасы мамыр айының басында көп жылғы орта мерзімнен бұрын егістіктерді жазғы дақылдардың егінін егу алдындағы дайындық бойынша жұмыстар басталды. Дала жұмыстары қолайлы ауа-райы жағдайында жүргізіліп, оңтайлы агротехникалық мерзімде, яғни мамыр айының соңында маусым айының басында аяқталды, бұл дәнді дақылдардың бастапқы дамуы мен өсуі үшін қолайлы ылғал қорын жасауға мүмкіндік берді.

"Маусым айында ауыл шаруашылық дақылдарының өсуі мен жетілуі үшін қолайлы ауа-райы болды, жауын-шашын көлемі нормадан екі-үш есе асты. Сонымен бірге, ылғалды жылы ауа-райы, ерте келген көктем ауыл шаруашылық дақылдары егістіктерінде зиянкестердің, зең ауруларының  өсуі мен таралуына, сонымен қатар арамшөптердің қаулап өсуіне әсерін тигізді. Облыстың ауыл шаруашылық басқармалары зиянкестерді жоюға қарсы жұмысты дер кезінде жүргізді, ал бұл дәнді дақылдардың ауруға шалдығуынан сақтады",- деді Омаров мырза.

Элеваторлар астықты күтуде
Облыста жалпы 5,6 млн. тонна сыйымдылығы бар 52 заңды  астықты қабылдау қамбасы жұмыс істейді, сонымен қатар, ауыл шаруашылығын өндірушілерде жалпы көлемі 4 млн. тоннаға дейінгі қосымша сыйымдылық бар. Ауыл шаруашылық басқармасы бастығының сөзінше, бұл жаңа астық бидайын қабылдауға және оны сақтауды қамтамасыз етуге толықтай жеткілікті.

2016 жылы барлық ауыл шаруашылық дақылдарын егу ауданы 4 млн. 375 мың гектарды құраған, оның ішінде бидай алқабы- 3 млн. 217 мың гектар. 2015 жылмен салыстырғанда жүгері алқабы 146,9 мың гектарға, дәнді-бұршақты- 59,6 мың гектарға артқан және СҚО бірінші рет күздік дақылдарды егуді 47.4 мың гектарға дейін арттырған.

"Дәнді дақылдардың орташа шығымдылығы көп жылғы орташа мәннен жоғары деп күтілуде және сол үшін қажетті барлық шаралар қабылданған. 22,9 мың тонна минералды тыңайтқыш 444 мың гектар алқапқа енгізілген және бұл жұмыс жалғасуда. 2 млн. 801,5 мың гектар жерге гербицидтік жұмыс жүргізілді, 1 млн. 97 мың гектар қарасұлыға қарсы дайындалған. Минералды тыңайтқыштарды қолдану ауыл шаруашылық дақылдарының бір гектардан 7 центнерге дейін шығымдылығын арттыруға мүмкіндік беретіні белгілі, ал гербицидтік жұмысты уақытылы жүргізу шығымдылықты бір гектардан 6 центнерге дейін арттыруға мүмкіндік береді",- дейді Қайрат Омаров.

Егін жинау кезінде өңірге қажет ЖЖМ қажеттілігі 77,7 мың тоннаны құрайды, қазірдің өзінде үкіметпен 72 мың тонна арзандатылған дизельдік отын бөлініп қойылған. Операторлардың қызметін қоса алғандағы солярканың ақырғы бағасы бір литр үшін 95,9 теңгеден аспайды. Жиын-терім жұмысына 8000 комбайн қатысады, оның 3000-нан астамы жоғары өндірісті, техниканың жиын-терім жұмысына дайындығы 99%.

Омаров мырзаның айтуынша, ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерді қаржылық қолдауда мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. "ҚазАгроҚаржы" АҚ-мен 394  өтінім 21,1 млрд. теңгеге қаржыландырылған, оның ішінде "Аграрлық-несиелік корпорация" АҚ-мен 268 өтінім 18,7 млрд. теңгеге қаржыландырылды. Бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық 21,2 млрд. теңге ге немесе  126,3%-ға инвестицияланған.

Бидай бағасын айтыңдар!
Алайда ауыл шаруашылық тауарын өндірушілердің сұрақтары да баршылық. Соның бірі- гектар бойынша субсидияға қатысты.  

"Гектар бойынша субсидиялар әлі алынбаған. Бізде 1500 бидай гектары бар, жақында егінді жаппай жинау басталады, содан кейін комиссия қалай қабылдап, қалай санамақ? Бұл процесті жылдамдату керек, біз бұл қаражатқа ЖЖМ сатып алуды  және т.б мәселелерді шешуді жоспарлағанбыз",- деді "Мамбетов және К" КС бастығы Еркебұлан Мамбетов.

СҚО әкімінің орынбасары Айдарбек Сапаров төлемақыларды төлеу 20 тамыздан кейін басталады, аграрлар үшін ең бастысы өтінішті дер кезінде беру керек деді.

Ал ең басты сұраққа әлі жауап жоқ. Ауыл шаруашыллық тауарын өндірушілер жаңа астық бидайының бағасын дәл қазіргі уақытта білгісі келеді, бірақ "Продкорпорация" жауап бермей отыр.

"Жаңа астықтың бидайын сатып алу бағасы неліктен осы уақытқа дейін айтылмай жатыр? Ресей бидай сатып алу бағасын екі апта бұрын мәлімдеді, ал Қазақстанда әлі күнге дейін жарияланбады. "Продкорпорацияға"  тұрақталу керек, нарықты құру керек, біздің өсірген нанымыз қанша тұратынын білуіміз керек? Бағаны қарашада, егін жиналып біткеннен кейін  айтудың керегі жоқ. Егер нан көп болса, 30 мыңнан сатып аламыз, ал аз болса 50 мыңнан бастаймыз, біздегі жағдай осылайша құрылады. Ортақ бағаны табайық та",- деді "Зенченко және К"  КС директоры Генадий Зенченко.

Диана Слинькова, Петропавл

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу