banner

Жетісай бақша өнімдерін Ресей мен Еуропаға экспорттап жатыр

4579

Жетісай ауданында бүгінге дейін 324 мыңнан астам бақша өнімдері өндірілген.

Жетісай бақша өнімдерін Ресей мен Еуропаға экспорттап жатыр

Оның 70 пайызға жуығы Ресей мен Еуропа елдеріне экспортталған. Ал қалған бөлігі еліміздің солтүстік облыстарына жөнелтілуде.

Бұдан бөлек, 94 600 тонна көкөніс яғни,  атап айтсақ, 32 мың 400 тонна қызанақ, 355 тонна сарымсақ, 7 мың 700 тонна баклажан, 3 мың 600 тонна балғар бұрышы, 13943 тонна қияр өндірілген.

Жалпы биыл Жетісай ауданында 77 мың 274 гектар жерге егін егілген. Оның 45 мың 100 гектарын мақта, 16 мың гектарын бақша өнімдері, 4 мың гектарын көкөніс дақылдары құрайды.

Айта кету керек, бүгінде жетісайлық қауын, қарбыздар жоғары сұранысқа ие. Тәттілігі тіл үйірер бақша өнімдерінің көлемі жыл санап артып келеді. Бұл ретте бақша өнімдерінің шетелдерге экспортталуы да дұрыс жолға қойылған. Соның нәтижесінде өндірілген өнімнің 70 пайызын шетел нарығына шығаруға мүмкіндік туып отыр.

"Биыл 16 мыңнан астам жерге бақша дақылдары егілсе, оның 8741 гектары пленкалы қауын, 3950 гектары пленкалы қарбыз. Сондай-ақ, биыл ауданымызда 2981 гектарға ашық қауын мен 900 гектарға қарбыз егіліп отыр. Аудан шаруалары бір жерден екі рет өнім алу үрдісін қолға алып, табыс көздерін молайтуда"-дейді Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Әбуов.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу