Жібек Құлымбетова джиу-джитсу мен грэпплингтен он дүркін әлем чемпионы атанды

320

17 жасар қазақстандық спортшы Астанада өткен UWW әлем чемпионатында екі алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Жібек Құлымбетова джиу-джитсу мен грэпплингтен он дүркін әлем чемпионы атанды Фото: Жібек Құлымбетованың парақшасынан

Ол екі санат "GI" (кимоно) және "NO GI" (кимоносыз) бойынша сынға түсті.

Оның қарсыластары 18-20 жас аралығындағы спортшылар болды. Жарыстың алғашқы күні Жібек Украина, Испания, Ресей және Қазақстан өкілдерімен 5 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Екінші күні ол төрт қарсыласпен кездесіп, барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады.

Әлеуметтік желідегі парақшасында Жібек бірінші жеңісін қазақ халқына арнағанын, ал екіншісін аты аңызға айналған самбошы Самат Рамазанов пен оның жаттықтыратын академиясына арнағанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу