Бас прокуратураның дерегінше, жол апатынан елімізде былтыр 1,6 мың адам қаза тапты: 210 бала, 488 әйел және 1 192 ер адам. Бұл ретте олардың 485-і жаяу жүргіншілер болды.
"Жол-көлік оқиғаларының көбі Алматыда болып жатыр. Былтыр оңтүстік астанада 2 556 апат болды", - деп хабарлады Бас прокуратура.
Антирейтингтің екінші және үшінші орындарында - Алматы және Жамбыл облыстары, онда 961 және 695 апат тіркелген. Келесі орынды Түркістан өңірі алады - 616 ЖКО. Тізімді Астана жабады. Елордада 570 жол-көлік оқиғасы болды.
"ЖКО-ның негізгі себептері адами фактормен байланысты. Көбінесе жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер кейбір жол ережелерін сақтамайды. Мұндай жағдайлар 5 635 болды. Сондай-ақ жылдамдықты асыру, жол белгілері талаптарын сақтамау", - деп түсіндірді қадағалау ведомствосы.
Мамандар ЖКО-ның 88% - дан астамы жүргізушілердің кінәсінен (8 703), оның 305-і алкогольдік және есірткілік мас күйінде болғанын атап өтті.
Бұл ретте апаттар көбінесе елді мекендерде дүйсенбі, сәрсенбі және жексенбі күндері болады. Және олардың басым бөлңгін 30-39 жас аралығындағы адамдар жасайды.
Жыл мезгілдері бойынша өңірлердегі жол апаттары
Күз
Апаттар Алматы және Алматы облыстарында жиі болады, тиісінше 57 және 35 ЖКО (100 мың адамға шаққанда). Атырау облысы мен Шымкентте ең аз апат – тиісінше 9 және 10 ЖКО. Өңірлердегі ЖКО жалпы санының 31,4%-ы күзде болған.
Жаз
Алматыда 46 ЖКО (100 мың адамға шаққанда). Шымкент пен Нұр-Сұлтанда ең аз апат – тиісінше 7 және 9. ЖКО жалпы санының 26,7%-ы жазда болған.
Қыс
Алматыда 39 ЖКО болды. Қарағанды облысы мен Шымкентте ең аз апат - 8 ЖКО. ЖКО жалпы санының 24,4%-ы қыста болған.
Көктем
Алматы мен Жамбыл облысында жиі болды, тиісінше 27 және 21 ЖКО. Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкентте ең аз апат - 6 ЖКО. ЖКО жалпы санының 17,5%-көктемде болды.