Қазақстандық парадзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан V Пара Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Отандасымыз J2 санатында 95 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп, финалда ирандық Мохаммадреза Хейроллахзаде Варзиден басым түсті.
Айта кетейік, бүгін, 21 қазанда, Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті. Пара жүзгіш Әли Тұрғанбеков 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 1 минут 44,26 секунд нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.
Бұл – спортшының биылғы Пара Азия ойындарындағы екінші медалі. Бұған дейін Әли Тұрғанбеков Сиязбек Далиев, Наталья Звягинцева және Зүлфия Ғабидуллинамен бірге 4×50 метрге кешенді жүзуден аралас эстафетада күміс жүлде иеленген еді.