8-ақпан күні Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен ауыр атлетикадан Халықаралық ынтымақтастық чемпионаты Токиода өтетін Олимпиада ойындарының іріктеу жарысы болып табылады. Алтыншы турнирде Әлемнің 47 елінен келген спортшылар бақ сынады.
- Турнирдің алғашқы кунінде қазақстандық команда алтын медаль иеленді. 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға тускен спортшылар арасында Игорь Сон жеңіске жетті, - деп хабарлады Қазақстанның ауыр атлетика Федерациясының баспасөз қызметі. Сон жалпы 286 келі (130 келі жұлқа көтеруден, + 156 келі серпе көтеруден) салмақты бағындырды.
Нәтижесінде қазақстандық өзінің бәсекелесінен 3 келі артық көтерді. Дәл осы салмақ дәрежесі бойынша 283 ұпай жинаған малайзиялық Мухамад Анзил Бин Бидин күміс жүлдеге ие болды. Жеңімпаздан 6 келі салмақ айырмашылығымен 280 келі салмақты бағындырған Түркменстаннан келген спортшы Сейітжан Мирзаев үшінші орынды қанағат тұтты.
Жеңімпазға алтын медальді VI Халықаралық ынтымақстастық чемпионатының ашылу салтанатына қатысқан Халықаралық ауыр атлетика Федерациясының вице-президенті, Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков табыстады.
Одан бөлек Халықаралық ауыр атлетика Федерациясының атқарушы президенті (IWF) Урсула Гарза Папандрен, сондай-ақ спорттан Халықаралық ынтымақстастық федерациясының бас хатшысы Мухаммад Салих Ал Гарнас жеңіс тұғырына шыққан қазақстандық зілтеміршінің жеңісіне куәгер болды.
Естеріңізге сала кетсек, Токиода өтетін Олимпиада Ойындарына Қазақстан атынан тек екі ауыр атлет қана қатыса алады. Яғни бір ер және бір әйел спортшы. Мұндай шешімді IWF Қазақстан 2008-жылдан бері халықаралық аренада допингке қарсы 36 мәрте ереже бұзғаны үшін шығарды. Және еліміздің Олимпиадаға ереже бұзғандарға арналған іріктеудің жаңа тәртібі бойынша ғана қатысуға мүмкіндігі бар.
Бұл ережелерге сәйкес Ұлттық федерация 2008-2020 жылдар аралығында 10 рет ереже бұзса, Олимпиада Ойындарына жалпы саны тек сегіз – төрт еркек және төрт әйел ауыр атлетші қатыса алады. Ал дәл осы жылдар аралығында 10-19 мәрте ереже бұзғандарға Олимпиада Ойындарында төрт – екі еркек және екі әйел ауыр атлетшілері сынға түсе алады.
Сондай-ақ, мемлекеттердің спортшылар делегациясының арасында 2008-2020 жылдар аралығында 20-дан көп ереже бұзушылық тіркелсе, онда Олимпиада Ойындарына тек екі ауыр атлетші – бір ер және бір әйел қатыса алады. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы осы соңғы категорияға жатады. Сондықтан бұрын қатысқан зілтеміршілеріміздің допинг қабылдап, күнәға батқандары үшін қазіргі ауыр атлетшілеріміз зардап шегіуде. Яғни Қазақстан атынан тек екі спортшымыз ғана қатыса алады. Естеріңізге сала кетсек, Сон Токиода өтететін Олимпиада Ойындарына былтыр қыркүйек айында өтінім берген. Паттайяда (Таиланд) 85-мәрте ұйымдастырылған Әлем Чемпионаты 21 жасар қазақстандық атлет үшін халықаралық алғашқы дебюттік жарыс болатын. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша жалпы 266 келі көтеріп, күміс жүлдені жеңіп алған. Ол Сауд Арабиясының өкілі Мансур ас-Салимнен (қола) 1 келі артық салмақты бағындырды. Сон осы дивизион бойынша Әлемдік рекорд орнатып, 294 ұпай жинаған Солтүстік Корея спортшысы Ом Юн Чхольға ғана ұтылып қалды.
Бұған дейін Сон халықаралық аренада 2013-жылы жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында өнер көрсетіп, нәтижесінде 50-келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша 13-орынға ие болды. Ал 2015-жылы жастар арасында өткен Азия чемпионатында 50-келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, жеңіске жетті. Қазіргі таңда Игорь Сон ауыр атлетикадан ересектер дәрежесі бойынша екі салмақ категориясын игерген.
Ермұхамед Мәулен