"Абу-Даби Плазадан" шу шықты

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
5075

Бүгін кешкілік Астанадағы құрылыс кешенінің аумағын тәртіп сақшылары қоршап, діттеген жерге арнайы жасақтың өкілдері жиналды.

"Абу-Даби Плазадан" шу шықты

Оқиға орнында жүрген куәгерлердің айтуынша, "Абу-Дали Плаза" кешенінде тұрып жатқан жұмысшылар шу шығарған.

Нақтырақ айтсақ, бизнес орталығының Сауран және Алматы көшелерінің қиылысында орналасқан жатақханасындағы Үндістан елінің азаматтары наразылық шарасын ұйымдастырды деген болжам бар.

Ал кейіннен Астана қаласының ішкі істер департаменті ресми ақпарат таратты.

"Абу-Даби Плаза" құрылыс нысанының бақылау-өткізу пунктінде жұмысшылар мен күзет құрылымының өкілдері арасында тұрмыстық жанжал орын алған. Оқиға орнына әкімдік және құқық қорғау органдарының өкілдері келді. Қолданған шаралардың арқасында жанжал тыйылып, қоғамдық тәртіп қадағалауға алынды. Тексеру жүргізілуде" - делінген Астана қалалық ішкі істер департаментінің хабарламасында.

Оқиға орнына полиция мен арнайы жасақ өкілдері, жедел жәрдем және төтенше жағдай қызметтерінің өкілдері келіп жетті.

Тәртіп сақшылары Мәңгілік Ел, Алматы, Түркістан және Сауран көшелеріндегі жол-көлік қозғалысын уақытша шектеп, қоршауға алған.

Естеріңізге сала кетейік, "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысымен негізінен Үндістан азаматтары айналысуда.

Abctv.kz оқиғаны назарда ұстап, "Абу-Даби Плазадан" шыққан шу туралы толық ақпарат беретін болады.

Абылай Бейбарыс

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу