"Абу-Даби Плазада"-дағы жанжалда ұсталған сегіз адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
2816

Ал ұсталғандардың қалғаны профилактикалық әңгімелесуден кейін босатылды.

"Абу-Даби Плазада"-дағы жанжалда ұсталған сегіз адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Еске салар болсақ, 2 қыркүйек күні шамамен сағат 21.00-де сол жағалауда орналасқан "Абу-Даби Плаза" құрылыс нысанының бақылау-өткізу пунктінде компанияның қорғау қызметкерлері мен шетелдік жұмыскерлер (Үндістан азаматтары) арасында тұрмыстық жанжал орын алған болатын.

Астана қаласының ІІД баспасөз-қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына мемлекеттік құрылым мен құқық қорғау органдарының өкілдері келген. Шұғыл әрекет етудің нәтижесінде қақтығыс тоқтатылған.

Алайда бірқатар азамат қоғамдық тәртіпті бұзып, жағдайды ушықтырғысы келді. Есіл ауданының прокуроры қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартыландықтары туралы ресми түрде ескерту жасаған. Осы ескертуге қарамастан, құқық қорғау органдарының заңды талаптарына бағынбаған азаматтар қоғамдық тәртіпті одан әрі бұзған.

Заңға қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында тәртіп бұзған топты тексеру және анықтау үшін Есіл ауданының ІІБ әкелінген, осы жерде сегіз азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталған. Ал ұсталғандардың қалғаны профилактикалық әңгімеден кейін босатылған.

Қақтығыстың салдарынан Үндістанның екі азаматы түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

Сонымен қатар Астана қаласының ІІД азаматтарға жалған ақпарат таратпау керектігін, ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындарын ескертті.

Бұған дейін "Абу-Даби Плаза" жанында болған оқиғада қоғамдық тәртіпті бұзған 41 адам ұсталды делінген еді. Ал ҚР бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин жағдай бақылауға алынғанын айтты.

"Жағдай бақылауға алынды. Полиция бөлімшелеріне жеткізілген адамдар мас болған. Тиісті шаралар қолданылатын болады", - деді журналистерге Андрей Лукин.

Прокурордың орынбасары ұсталған адамдар тек Қазақстан азаматтары екенін, ал Үндістан азаматтары қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұстылмағанын айтты.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу