"Біз үзіліс жариялап, кәсіпорынның жұмысын тоқтата алмаймыз"

Алексей Банцикин Алексей Банцикин
14183

Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар  қауымдастығы директорының міндетін атқарушы Николай Радостовец Қазақстандағы тау-кен металлургиялық кешеннің мәселелері жайында әңгімеледі.

"Біз үзіліс жариялап, кәсіпорынның жұмысын тоқтата алмаймыз" Фото: Алексей Банцикин

- Николай Владимирович,  саланың жағдайы  қандай және металлургтар нені күтеді?

-  Бүгінгі күні  Қазақстандағы тау-кен металлургиялық кешен 2015 жылғы мемлекеттік қолдау шараларының көлеміне қарамастан қиын жағдайды бастан кешуде. Бұл шикізат пен металлургиялық өнімге деген сұраныстың төмендеуінен, экспорттық нарықтағы баға жағдаятының төмендеуінен болып отыр.  Негізгі өткізу нарығы Қытай, ең бірінші, болат құю өндірісінде өзінің даму қарқынын төмендетті.  Салаға қойылатын жоғары экологиялық талаптар қытайлық компанияларға өндірісті жаңашаландыруды талап етуде. Олардың кейбіреуі трансформациялаудан өтуде, ал кейбіреуі мүлдем жабылып қалды. Мұның бәрі, қазақстандық металды сатып алуды арттырушы Қытай шикізат импорты көлемін азайтты, ал  позициялар  қатары бойынша  оны мүлдем тоқтатты. Саладағы жаһандық дағдарыстың басқа факторы машина жасау кәсіпорыны саласындағы белсенділіктің төмендеуі болып табылады.Еуропалық  компаниялар метал прокатын сатып алуды тоқтатты. Басқа елдердің қара және түсті металдарды қайта өңдеуді жақсартқаны да бұл жағдайға әсерін тигізді. Мұның барлығы қазақстандық қоймаларды металшикізатпен толтырып және қазақстандық ТМК өткізудің негізгі нарығын  дайын өніммен толтырды. Алайда, біз үзіліс жариялап , кәсіпорынды тоқтатып отыра алмаймыз, біз кен орындарын игеруді жүргізіп, жұмыскерлерге жалақы, үкіметке салық төлеуіміз керек, сонымен қатар әлеуметтік міндеттерді атқаруымыз қажет. Былтырғы жылы бұл бізді Қазақстан үкіметінен саланы қолдау шаралары кешенін кеңейтуге өтініш жасауға әкелді.

-  Қолдау шаралары немен көрінді?

- Ірі компаниялардың сұранысымен жұмыста көрінді. Және бұл дұрыс , өйткені барлық саланы қолдаудың әмбебап механизмін жасау өте қиын. Премьер-министрдің және ұлттық компаниялардың көмегімен қиындықтар туындаған тау-кен металлургиялық компаниялары басшыларының пікірі тыңдалатын жағдай жасалды. Нәтижесінде бір компаниялар темір жол көлігімен жүктерді тасымалдауға коэффиценттерді төмендету құқығын алды, ал бұл өте маңызды, себебі көлікпен тасымалдауда кейде бір екі долларды үнемдеу өнімді өткізу нарығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Басқа біреулері KEGOC желісі бойынша электр энергиясын тасымалдауға жеңілдіктер алды, ал біреулері "Жұмыспен қамту жол картасы" шеңберінде өңірлік  деңгейде жеңілдіктерді кеңейтуге мүмкіндік алды. Ең бастысы, үкімет бірқатар компаниялардың дәлелдерімен келісіп,  жер қойнауын игеруде пайдалы қазбаларды өндіру салығын алып тастады. Бұл өте тиімді болды, себебі бұл салық металлургиялық өнімді сату көлемінен емес, өндірілген шикізат көлемінен төленетін еді. Егер компания ештеңе сата алмайтын болса, пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеудің пайдасы қандай? Соңында, мұның бәрі 2015 жылдың қорытындысы бойынша сала көлемді жоғалтпай, бұрынғы жылдар жоспарынан  99,9 пайыз деңгейіне шықты. Алайда, осы жыл біршама қиындау болып тұр. Және бұл жерде тек қолдау шараларымен ғана шығу мүмкін емес. Салаға ақша тартудың басқа механизмін ойластыру қажет. Тау-кен металлургиялық компанияларының өніміне сұранысты ынталандырудың жаңа механизмі қажет.

-   Сұранысты ынталандыру үшін ТМКҚ нені ұсынуда?

 - Жағдайды жақсартудың екі нұсқасы бар. Бірінші, барлығын бұрынғы қалпында қалдырып, тау-кен металлургиялық саланың жансақтауын сыртынан бақылап отыру. Ал, содан соң,  дағдарыс басылғаннан кейін ғана бұрынғы деңгейді қалпына келтіруді дамыту үшін тағы да инвесторларды іздеу. Бұл капиталды қажет ететін және о бастан жеңіліске әкелетін жол, біріншіден, кен шығатын жерді игеру қарқыны жоғалады, екіншіден, қалпына келтіру,қашан да, жаңадан құрғаннан қиынырақ. Сонымен бірге, жаңа инвестор шикізат кен орынының игерілмеген жеріне, бүгінгіге қарағанда,  жаңа талаптармен келетінін ескерген жөн. Қазақстанмен 2008-2009 жылдары табысты өткен бір жол бар, онда мемлекет дағдарыс жағдайында ірі өндіруші компанияларды қолдап салықтық жүктемені азайтқан болатын, ол компанияларға өндірісті, инфрақұрылымды және кадрларды сақтап қалуға, қойманы толтыруға жұмыс істеуге мүмкіндік берген болатын. Осылайша, келешекке босалқы дайындама жасалып,  компаниялар бұрын өндірілген өнімдерін баға көтерілген кезде сата алды.  Дегенмен, тағы да бір тығырықтан шығар жол бар. Бүгін біз бірқатар мемлекеттер, негізінен алсақ, Қытай, өздерінің тауар өндірушілерінен металды мемлекеттік материалдық резервке сатып алу практикасын қолдануда. Бұл бізде кеңес заманы кезінде кеңінен қолданылған болатын. Мемлекет үшін бұл ұтылмайтын жол. Біріншіден, металды сатып алуға компаниялармен жұмсалған ақшаның  жартысы бюджетке салық есебінде қайтып келеді. Екіншіден, бағаның көтерілген кезінде металды мемлекет өзіне пайда жасау үшін сата алады. Ал, бұл ерте ме, кеш пе бір болатыны анық. Өйткені,дағдарыс циклді. Біз бұдан өрескел ештеңе көріп тұрғанымыз жоқ. Естеріңізде болса, бұрынғы жылдары мемлекет қолдау институттары арқылы қаражатты өңдеуші өндірістердің осы және басқа да зауыттарының құрылысына салған болатын. Бірақ, өкінішке орай, бұл жобаларды іске асыру әсері өте мардымсыз, себебі, көптеген ірі компаниялар өткізу нарығының болмауынан толық күшпен жұмыс істемейді. Олармен салыстырғанда, Қазақстанның тау-кен металлургиялық компаниялары ішкі нарықта бұрыннан жұмыс істеп келеді, олардың брендтері беделге ие, олардың өнімдері қазіргі күні сатылуда, әрине, бұрынғыдай белсенді емес, бірақ бұл уақыша нәрсе, ертеңгі күні сатылатынына да сенімдімін, себебі, ұзақ мерзімді шарттар бар. Сондықтан, металлургиялық компаниялардың дайын өніміне қаражат салғанда, мемлекет ештеңеден ұтылмайды. Қайта өндірушілер кен өндіру жерлерін игеруді жалғастыруға мүмкіндік алады және кадрларды сақтап қалады. Біз осы идеяны жақында болатын Astana mining & metallurgy форумында ортаға салғымыз келіп отыр.

-   Салаға инвестицияларды тартудың жаңа механизмі туралы айтқанда, Сіз Кодексті негізге алып отырсыз ба ? 

-  Тек бұл ғана емес. Әңгіме дайындалып жатқан жер қойнауын пайдалану туралы Кодекспен байланысты заңнамалық нормалар кешені , онымен қоса, салықтық және кедендік құқық жайында болмақ. Бүгінгі күні тау-кен металлургия саласына ағылып жатқан инвестициялар ағынын көріп отырғанымыз жоқ. Мұны тек әлемдік дағдарыспен ғана түсіндіруге болмайды. Соңғы кезде салықтық кодекске өзгертулер енгізу әрекетін байқаудамыз, ол инвесторларды қуанта қоймайтыны анық. Мысалға, айналымнан түсетін салыққа қосылған салықты айырбастаудың өзі біраз дау туғызды. Тау-кен металлургия саласы дамыған бірқатар елдер, Қытайда қоса алғанда, керісінше ҚҚС-ға көшуде.  Ал қазақстандық қаржы министрлігінің бұл әрекеті халықаралық іскери ортада түсінбеушіліктер туғызды. Шетелдік банк сарапшылары Қазақстандағы кен шығаратын жерлерді несиелеудің әр түрлі үлгісін қарастыра отырып, сатудан түсетін пайдаға салық салынатын болса, онда қиындық тудыратын сипаттағы тәуекел туындауы мүмкін, себебі, инвестор салық жүктемесінің қандай болатынын есептей алмайды деп атап көрсетті.

Қазіргі уақытта бизнес үшін ең бастысы- бұл салық тұрақтылығы. Сондықтан, ТМКҚ бұл тарапта қозғалып жатқандармен келіспейді және сатудан түсетін пайдаға салық салу туралы әңгімені тоқтатуды сұрайды.

Айта кету керек, жаңадан келген ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаевпен  халықаралық сарапшылардың қатысуымен жүргізілген  бірнеше  кеңестерден кейін министрлік сатудан түсетін салыққа қарсы екенін хаттама түрінде бекіттік. Осылайша, Қазақстан дәстүрлі инвестициялық алаңда екені, ешқандай жаңалықтар жасамайтыны  нарыққа белгілі болды. Алайда,  осы бірнеше ай бойы жаңа салық түрін енгізуді талқылау, тұрақты инвестициялық жағдайы бар Қазақстан имиджіне нұсқан келтірді.

 Менің ойымша,  ТМК-ға қатысты салық жүктемесін нақтылап алу үшін қазір ЕАЭО деңгейінде халықаралық аудиторлық компанияларды тартумен  бірнеше пікірталас ұйымдастыру дұрыс болар еді. Бұл көрсеткіште айқындық белгілі болғаннан кейін ғана инвестициялық үлгіні оқуға болады. Бүгінгі күні бұл мүмкін болмай отыр, себебі, компанияның өңірлердегі әлеуметтік міндеттерін қоспайтын және т.б  қаржы министрлігімен қабылданған салықтық жүктемені есептеу әдісі шындыққа жанаспайды. Бұл мәселені біз ТМҚ-да талқыламақпыз.

Сонымен қатар, форумда жер қойнауын пайдалану туралы Кодекс жобасы да талқыланатын болады. Өйткені, біздің жұмыс тобында келіспеушіліктер туындап, біз халықаралық сарапшылар пікірін тыңдап, оларды алып тастауды қалаймыз. Бірінші мәселе, пайдалы қазбалар қорын бағалау және есептеу әдісіне қатысты. ҚР инвестиция және даму бойынша министрлігі CRIRSKO  халықаралық бағалау шаблонын енгізуде, бұл тау-кен металлургиялық компаниялардың геологиялық қызметімен және инвесторлармен қолдау табуда. Сонымен бірге, ескі кеңестік  ҚМК бағалау әдісі де сақталуда. Қай жүйені таңдайтыны, салықтық жүктеме мөлшеріне байланысты болады. Келіспеушілік себебі CRIRSKO бойынша бағалауды тәуелсіз халықаралық сарапшылар жүргізеді, ҚМК бойынша геология комитеті өкілдері жүргізеді. Геологтарда мемлекеттік қор есебін жүргізуді тәуелсіз сарапшыларға сеніп тапсыруға бола ма деген сұрақ туындады. Ал, бір жағынан шетелдік инвесторлар ҚМК бойынша есептеу әдісін түсінбейді.

 Бұл мәселені форумда талқыламақшымыз, саланың өкілдері тәуелсіз сарапшылардың  қорды бағалау туралы ақпаратты мемлекеттік органдармен ұсыну барысында өзараәрекеттесу жүйесі және ақпараттың анықтығына сарапшылардың жауапкершілігі туралы айтады. Қалай болғанда да, инвесторларды бұл жерде ешқандай тәуекел болмайтындығына сендіретін  мемлекет пен тәуелсіз сарапшылардың өзараәрекеттесуінің қандай да бір түрін табу қажет деп есептейміз.

Энергетика министрлігімен де түсінбеушіліктер пайда болды, олардың өкілі көмір мен уранды өндіруге көмектесе отырып, жер қойнауын пайдалану шарттарының сақталуын талап етеді, ал, ИДМ , керісінше, лицензияға көшуді талап етеді. Алайда, жер қойнауын пайдалану туралы кодекс бұл  пайдалы қазбаларды өндіру салаларының барлығы үшін бір заң болғандықтан, бір келісімге келген жөн.

Ұлттық экономика министрлігімен шешілмеген сұрақтар қатары өте көп. Осы уақытқа дейін министрлік жер қойнауын пайдалану туралы Кодексті талқылау жағында болатын, ал қазір жұмысқа кірісті.

Пікірлердің бір ортаға тоғыспауы, бізге жер қойнауын пайдалану туралы кодекс жұмысын қарастыруды тағы бір жылға қалдыруға мәжбүрлеп отыр. ТМКҚ форумында  жоғары деңгейдегі жаңа жұмыс тобын құру керектігі туралы айтамыз, мүмкін вице-министр басшылық ететін шығар.

ТМҚ министрлік өкілдері және тау-кен металлургиялық компаниялардың басшылары қандай да болсын ымыралы шешім қабылдайтын алаң болады деп сенеміз. Сала үшін бұл ауадай қажет.

Алексей Банцикин

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу