"Даму" "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша құрылыс компаниясына алғашқы субсидия берді

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
4537

"Соллерс" ЖШС құрылыс компаниясы "Нұрлы жер" бағдарламасының пайыздық мөлшерлемесі бойынша субсидия алды.

"Даму" "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша құрылыс компаниясына алғашқы субсидия берді

Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14%, оның 7%-ын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялайды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі. Несие желісі "Сбербанк" АҚ ЕБ-де ашылған. Несие көлемі – 400 млн теңге, несие үш жылға берілген. Жобаның жалпы сомасы – 502 млн теңге, ал компанияның өз үлесі – 102 млн теңге.

Құрылыс компаниясы бөлінген қаражатқа Ақтөбе қаласында жалпы ауданы 3771 шаршы метр болатын (54 пәтер) тоғыз қабатты тұрғын үй кешенін салуды жоспарлап отыр. "Нұрлы жер" бағдарламасы шарты бойынша және "Сбербанк" АҚ еншілес банкі мен "Тұрғын үй құрылыс жинақ банк" АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшартқа сәйкес салынатын тұрғын үй кешенінің 27 пәтері ТҚЖБ салымшыларына бекітілген баға бойынша беріледі. Осылайша құрылыс біткеннен кейін ТҚЖБ салымшылары баспананың 1 ш.м 140 мың теңгеден ала алады. Ақтөбедегі жаңа тұрғын үй кешені 2017 жылдың 15 тамызында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.  

"Екінші деңгейлі банктер  несиесінің сыйақы мөлшерлемесі бойынша субсидиялауды қарастыратын баспана құрылысын жеке құрылыс компаниялары арқылы ынталандыру – "Нұрлы жер" бағдарламасының бір бағыты болып табылады. Бұл соңғы тұтынушы үшін шаршы метрі құнын төмендетуге мүмкіндік береді", – дейді "Даму" басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов.

"Нұрлы жер" бағдарламасының арқасында құрылыс секторы және ипотекалық несиелеу нарығы оң динамиканы көрсете бастады, – деді "Сбербанк" АҚ ЕБ басқармасының төрағасы Александ Камалов.  – Біздің банк Қазақстан үшін әлеуметтік маңызды бағдарлама бойынша жұмысты іске қосты. Сонымен бірге оның іске қосылуы елдің экономикалық тұрғыдан көтерілуіне көмек болады".

Еске салар болсақ, "Нұрлы жер" бағдарламасы ҚР Ұлттық банкінің сыйақы мөлшерлемесі бойынша жеке құрылыс салушы компанияларға несие беруді қарастырады. Бүгінгі күні бұл жылдық 16%-ды құрайды, оның 7%-ын "Даму" қоры субсидиялайды, қалған жылдық 9%-ын құрылыс салушы төлейді. Субсидия кәсіпкерлердің  тұрғын үй салуға қатысты жаңа несиесіне беріледі.

"Соллерс" ЖШС Қазақстан нарығында 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның негізгі қызметі – тұрғын үй, коммерциялық, өндірістік мақсаттағы құрылыс-монтаждау жұмыстары. "Соллерс" ЖШС Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізі құрылысы нысандарын салуда мердігер болған. Сондай-ақ компания "АХҚЗ" АҚ-та әр түрлі мақсаттағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын  орындау бойынша мердігер. 2016 жылы компания "Қазақстандық ипотекалық компания" ИҰ" АҚ үшін тұрғын үй құрылысын салу бойынша үш млрд теңгеден астамның көлемін орындаған. 

"Даму" қоры – ұлттық даму институты, оның акцияларының 100%-ы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ-қа тиесілі. "Даму" қорының мақсаты – шағын орта бизнесті сапалы дамытуға көмектесу, сондай-ақ Қазақстанның шағын қаржы ұйымдарының консалтингтік және қаржылық қызметтерді ұсынудың интиграторы мен операторы ретінде қызмет атқарады.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банк" акционерлік қоғамы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ-тың еншілес ұйымы, Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін іске асыратын жалғыз банк.

"Сбербанк" АҚ ЕБ Сбербанктің халықаралық тобына кіреді. Банк 10 жылдан бері Қазақстан нарығында табысты жұмыс істеп келеді, Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтер көлемі бойынша төртінші орында.  Бүгінгі таңда "Сбербанк" АҚ ЕБ-нің филиалдар желісі 83 құрылымдық бөлімшеден тұрады, оның 16-сы филиал. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу