"ҚазМұнайГаз" айтқан уәдесінде тұр"

Артур Мискарян Артур Мискарян
2578

Энергетика министрі отынның бағасы мен МӨЗ-ді жаңғырту жайын сөз етті.

"ҚазМұнайГаз" айтқан уәдесінде тұр"

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында қараша айының басынан бастап Қазақстанға Ресейден 89 мың тонна Аи-92 бензині әкелінгенін, жыл соңына дейін ресейлік МӨЗ-ден тағы 100 мың тонна Аи-92/93 маркалы бензин әкелу жоспары бар екенін айтты. Сонымен қатар энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, бензиннің аса сұранысқа ие маркасының отандық мұнай базаларындағы қоры 193,8 мың тонна.

Тап қазіргі уақытта Павлодардағы МӨЗ-дің жоспарлы жөндеу жұмысы аяқталды, ал Аи-92 бензиннің алғашқы партиясы зауыттан 11 қараша күні жөнелтілді. Шымкент пен Атыраудағы МӨЗ-дің қайта құрылымдау жұмысы әлі жалғасуда. Шымкенттегі МӨЗ-ді жаңғырту аяқталғаннан кейін келесі жылдың алғашқы жартыжылдығында зауыттың өңдеу қуаты (жылына алты миллион тонннаға дейін) артып, мұнай өнімдерінің сапасы "Еуро-4", "Еуро-5" деңгейіне дейін жетеді деген болжам бар.

Осы жылдың желтоқсанында Атыраудағы МӨЗ-ді жаңғырту аяқталады, жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша К4, К5 класты моторлы отын шығаруды қамтамасыз ету және зауыттың қуатын жылына 5,0-ден 5,5 млн тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр.

Министрдің айтуынша, отын жеткізудегі іркілісті ЕАЭО-да мұнай өнімдері нарығын біріктіру және тосыннан болатын жағдайлар үшін отынның мемлекеттік қорын жасау арқылы ғана шешуге болады.

"Кез келген МӨЗ жөндеуге тұрады немесе кез келген жабдық істен шығуы мүмкін. Біздің нарықта мұның орны бірден білініп қалады. Ал Еуразиялық одақта болатын мұнай және мұнай өнімдерін үлкен бір нарыққа біріктіру осындай мәселенің шешімін табуға тиіс. Сонымен бірге қазір үкіметте зауыт бұзылып немесе тоқтап қалған жағдайда қолдану үшін дизель отыны, бензин және авиакеросин бойынша қандай да бір қорды құру туралы мәселені қарастырып жатырмыз", – деді Қанат Бозымбаев.

Энергетика министрінің Павлодар МӨЗ-ін іске қосу барысында дизель отынын өндіруге қажет көмірсутекті өндіру жабдығының бұзылғаны белгілі болғанын айтты. Жабдықты жөндеу жұмысы осы жылдың желтоқсанына дейін созылуы мүмкін. Бұл қараша және желтоқсан айында ПМӨЗ-де дизель отынын өндіруді ай сайын150 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін төмендетуі мүмкін. Дизель отынын өндірудің төмендеуін РФ-дан келетін импорт есебінен жабу жоспарланып отыр. Сондай-ақ мұнаймен қосымша жүктеу есебінен Атыраудағы МӨЗ-дегі дизель отынын өндіруді бастапқы жоспарланған 96 мың тоннадан 120 мың тоннаға дейін арттыруға шешім қабылданды.

"Апат салдарынан қараша және желтоқсан айында "ҚазМұнайГаз" 90 мың тонна, сондай-ақ біздің шағын компаниялар шамамен 20-30 мың тонна дизель отынын Ресейден әкелетін болады.Әңгіме жазғы және маусымаралық отын жайында болып отыр. Жаздық отын еліміздің оңтүстігінде көп қолданылады, ауа райы -10 градус болған кезде жаздық отынды қолдану мүмкін болмай қалады. Маусымаралық отын -20 градусқа дейін жарайды. Оны да сырттан әкеледі, негізгі төрт желі бұл отынның бағасын өзгертпей ұстап отыр", – деп түсіндірді Қанат Бозымбаев.

Энергетика министрінің айтуынша, мұнай базаларындағы жағдайды күн сайын мониторингілеу мәліметі мұнай өнімдерінің бағыты мен жөнелтуіне қатысты шешімдер жағдайға қарай қабылданады. Қараша айының басынан бастап қазақстандық МӨЗ-ден шамамен 160 мың тонна дизель отыны жөнелтілген.

Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, 21 қарашаға дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ шамамен 98 мың тонна дизель отынына келісімшарт жасап қойған, қазір оның 34 мың тоннасы жөнелтіліп, ЖЖС-ға келіп жатыр. Дизель отынының жиынтық қоры 159,5 мың тонна, бұл шамамен 16 күнге жетеді. 

Министрліктің түсіндіруінше, отандық МӨЗ-дер қысқы дизель отынын өндірмейтін болғандықтан, отынның бұл түріне деген сұраныс толығымен ресейлік импорт есебінен жабылады, сондықтан энергетика министрлігі бағаны реттей алмайды.

"Біздегі МӨЗ-дер де қысқы дизель отынын өндірмейді. Сондықтан зауыттардағы апатты жағдай немесе жөндеу жұмысы қысқы дизель отын бағасына әсер етпейді. Қысқы дизель отыны 100% Ресейден импортталады. Қысқы дизель отын бағасына энергетика министрлігі ешқандай шектеу қоя алмайды, өйткені оның бағасына еш реттеу жүргізілмейді және ол сұраныс пен ұсыныстан белгілі болады. Бұлай болып жатқанына да бірнеше жыл болды", – деді Қанат Бозымбаев.

"ҚазМұнайГаз" жазғы отынға қатысты уәдесін әзірге ұстап тұр, жұма күні кешке қарай "ҚазМұнайГаз" елге 25 мың тоннаға жуық отын әкелді. Мәліметтер әзірше өңделіп жатыр, дүйсенбі күні 30 мың тоннаға дейін жетеді деп ойлаймын", – деп қосты министр.

Оның айтуынша, жалпы елге қазір Ресейден 80 мың тонна жазғы және маусымаралық отын әкелінген. "Бұл павлодарлық МӨЗ-дің мұнай өнімдерінің негізгі түрлерімен қамтудағы орны мен нарықтың жағдайына қатысты мәселеге қатыстыы айтылып отыр", – деді энергетика министрі.

Гүлназ Ермағанбетова, Артур Мискарян
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу