Бибігүл Жанұзақ - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

“Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі “100 Жаңа есім” жобасы тәуелсіздік жылдарында үлкен жетістіктерге қол жеткізген қазақстандықтардың тағдырына арналған. Бүгінгі біздің студиомыздың қонағы, “Астана Опера” Мемлекеттік опера және балет театрының солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ. 2007 жылы Қазақ ұлттық музыка Академиясының “Опералық ән айту” мамандығы бойынша Р.Тленшиева сыныбының шәкірті,  2010 жылы Италияның Йези қаласында кәсіби тағылымдамадан өтіп, сонымен қатар әлемге атақты итальяндық Ла Скала театрында біліктілігін арттырған Бибігүл ханым бүгінгі күні Пуччинидің Богема операсында Мими партиясын, Чайковскийдің “Евгений Онегин” операсындағы Татьяна партиясын, Евгений Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында Жібек рөлін, Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің “Абай” операсында Ажар партиясын орындауда.  

Жүргізуші: Әлкей Марғұлан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу