Ғабит Махамбаев - Қарағанды облыстық медициналық орталығының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі

"Рухани Жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында өмірге келген "100 жаңа есім" жобасы тәуелсіздік жылдарында ерен еңбектері арқылы үлкен жетістіктерге қол жеткізген азаматтарымыздың тағдырына арналады. Бұл тағдырлар біз білмейтін тартысты сәттер мен қуанышты жеңістерге, адамның көз жасы мен мерей жасына толы ерекше өмір парақтары.Біздің студиямыздың қонағы соның бір айғақ көрінісі. Ғабит Жанділдәұлы Махамбаев Қарағанды облыстық медициналық орталығының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі ғана емес, сонымен қатар медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер. Ғабит Махамбаев заманауи технологияларды пайдаланып, адам миына ерекше операция жасаған абзал жан. Мұндай операциялар күніне екі, үш рет жасалынады. 

Жүргізуші: Әлкей Марғұлан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу